Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады

Сайт әкімшілігі

19.07.2021, 11:29

1965

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 20-22 шілдедегі ауа райы болжамын ұсынды. 

Болжамға сәйкес, фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы келеді.

«Батыста ауа температурасы түнде +20+25 градус, күндіз +33+41 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18 градус, күндіз термометрдің бағандары +23+35 градус, солтүстік-батыста түнде +12+25, күндіз +25+40 градус, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21, күндіз +25+35 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40 градус», — делінген хабарламада.

Қазақстан қалалары үшін ауа райы болжамын мына сілтемеден көруге болады.

Синоптиктер өткен аптаның соңында Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын ескерткен.

Тегтер: ауа-райы болжам жол жабу көлік қозғалысы қауіпсізідік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58