28.12.2020, 11:37
677
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағының ІІІ деңгейі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.
26 желтоқсанда өңір әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына барып, дәрігерлермен вакцинациялау барысын талқылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің сөзінше, еріктілерге вакцинация жүргізіліп жатыр. Еріктілердің денсаулығында кінәрат болмауы керек, аурудың ауыр түрлері және аллергиялық реакциялар болмауы қажет.
«Он күн ішінде мың жамбылдыққа вакцина салынады. Еріктілермен келіссөз жүргізіледі. Екпе салынғаннан кейін антидене мен иммунитет қалыптасуы тексеріледі. Бірінші және екінші кезеңге 244 қазақстандық қатысты. Бәрі сәтті аяқталды. Кері әсер мен асқыну белгілері жоқ», — дейді ол.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР