Қордайда 11 айда 118,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген

Сайт әкімшілігі

08.12.2020, 12:41

221

Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте сөзінің біссіміләсін қордайлықтарды газ және ауыз сумен қамту жұмыстарынан бастады.

Жыл басынан бергі 11 айда ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталған Р.Дәулет Қордай ауданындағы 22 елді мекенді газбен қамту үшін 11 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылғанын, бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Ал ауыз сумен қамту бойынша 6 елді мекенге 2,7 миллиард теңге бөлініпті. Ендігі кезекте су құбырларының құрылысы аяқталса, демек бұл ауданда тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 78 пайызға жетеді екен.

Аудан басшысының сөзінше, Қордайдағы қақтығыстан кейін қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал зардап шеккен отбасыларға 40 миллион теңгеден астам тиісті әлеуметтік және материалдық көмектер көрсетіліпті.

Бүгінгі таңда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті десек, жалпы аудан бойынша 1 524 азамат үй кезегінде тұр екен. Өз кезегінде Р.Дәулет тұрғындарды тұрғын үймен қамту бойынша аудан орталығынан 5 қабатты 5 үй және Қаракемер ауылындағы 2 пәтерлі 10 үйді іске қосу есебінен 310 пәтер ел игілігіне беріледі деп күтіліп отырғанын айтты. Сондай-ақ, баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен, жергілікті тұрғындардың көмегімен өңірлерде іске асып жатқан, яғни асармен салынып жатқан 15 үйдің 9-ы пайдалануға беріліп үлгеріпті. Ал қалған 6-сы жыл соңына дейін баспанаға мұқтаж жандарға тапсырылады,- деді Қордайдың әкімі.

Бұдан бөлек, биыл ауданда өндірілген өнім 11 айда 118,9 миллиард теңге болып, экономикалық өсім 121,9 пайызды құрапты. Ал аудандағы құрылыс-жөндеу жұмыстарына қатысты 392 жобаға 35,1 миллиард теңге бөлінген. Жобаларды жүзеге асырудың арқасында 4 630 жұмыс орны құрылған. Бүгінде барлық жобаның 38 нысанында, яғни 97 пайызға жұмыстар аяқталған.

Сондай-ақ, жер телімдеріне инфрақұрылым игіліктерін орнату бойынша жалпы соммасы 2,6 миллиард теңгеге 7 жоба іске асып жатқанын айтқан  аудан әкімі «Нәтижесінде жыл соңына дейін 1070 жер телімін кезектегі азаматтарға беруге мүмкіндік тумақ», — деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25