Қордайда зардап шеккен 157 нысан толығымен қалпына келтірілді

Сайт әкімшілігі

30.11.2020, 20:32

176

Ертегідегі Ерназар шалдың «Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дейтініндей, Жамбыл облысындағы 9 аудан бір бөлек те, Қордай ауданының жөні бір бөлек.

Әрі басындағы Қордайдағы қазақ-дүнген қақтығысынан кейін барша жұрттың назары осы ауданда деуге болады. Сондықтан боларЖамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасаған баяндамасында биыл Қордай ауданында қолға алынып жатқан жұмыстарға айрықша тоқталды.– Биыл Қордай ауданын дамытуға 35,1 миллиард теңге бөлініп, 392 жоба іске асырылды. Зардап шеккен 157 нысан толығымен қалпына келтірілді. 4,6 мың жұмыс орны құрылып, орташа жалақы 5,1 пайызға өсіп, 171,4 мың теңгені құрады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6851 бірлікке жетіп, жұмыссыздық 4,4 пайызға тұрақтады.Бұдан бөлек ағымдағы жылы Қордай ауданының 100 мың тұрғыны бар 22 елді мекен газдандырылуда. Осылайша тұрғындардың газбен қамтылу деңгейі 47 пайыздан 95 пайызға артты.Ауданда 351 шақырым автожолға асфальт төселіп, 9 елді мекен жолы 100 пайыз жөнделді.Жазғы маусым кезінде 500 дүнген отбасы Шу ауданында егістік жұмыстарымен айналысса, 117 отбасы Алматы облысында, 74 отбасы Қарағанды облысында еңбек етті. Осылайша өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті арттырдық.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста этнос өкілдері тығыз шоғырланған аймақ тұрғындарының проблемаларын нақты шешуге бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» атты пилоттық жобасы іске асырылуда.Жоба аясында жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 1144 іс-шара өткізілді. Онда 2 мыңға жуық азаматтың мәселесі шешіліп, 700 азаматқа медициналық көмек көрсетілді. 236 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 550 миллион теңгеге 1000 адамға қайтарымсыз грант бөлініп, 1,9 миллиард теңгеге 132 бизнес жобаға қолдау көрсетілді.Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында есепті кезеңде асарлатып салынған 45 үй пайдалануға берілді. Жоспар бойынша 117 үй беріледі деп күтілуде.Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін де жалғасын тауып, жоспарлы міндеттер орындалатын болады. Бұл халықтың тұрмыстық жағдайын одан әрі жақсартып, өңірдің экономикалық өсуіне мол мүмкіндік беретіні анық, – деді Бердібек Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58