Қорғасын қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын ашылды

Сайт әкімшілігі

18.10.2020, 10:40

199

Шымкент қаласындағы бұрынғы қорғасын зауытының қалдықтарын жою мәселесі шешімін тапты. Жетпіс жылдан астам уақыттан бері жиналған өндіріс қалдықтары қоршаған орта мен экологияға зиянын тигізіп келді. Жылдар бойы қордаланған түйткілді мәселенің оңтайлы шешімі табылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда қалада өндіріс қалдықтарын өңдеп, түсті металл концентратын шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Кәсіпорынның зиянды қалдықтарды залалсыздандыруда экологиялық маңызы зор.

Мегаполистегі бірегей жобаның жұмысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов танысты.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілетін жобаны «Standard Steel KZ» ЖШС-гі жүзеге асырды. Мұнда жылына 400 мың тонна өндіріс қалдықтары қайта өңделеді.

Бүгінгі таңда жобаның жылына 250 мың тонна қалдықтарды өңдейтін бірінші желісі жұмысын бастады. Зауыт биыл қараша-желтоқсан айларында толығымен іске қосылғанда 400 адам жұмыспен қамтылады.

Бүгінде қоршаған ортаны қорғау, түсті метал өндірісін дамытуда қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы өте зор. Жоба толығымен іске қосылса, экологияны зиянды қалдықтардан тазартуға зор үлес қоспақ.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан Бейбіт Атамқұлов аталған өндіріс орнының экологиялық тиімділігімен қатар, әлеуметтік-экономикалық ролі де зор екенін атап өтті.

Өндіріс ошағы толық қуаттылығында жұмыс істегенде, аумақ зиянды қалдықтардан 3-4 жылда тазартылатын болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 24.11.2020, 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56