Қоянқұс ауылында "Жамбыл Ата" мұражайы ашылды

Сайт әкімшілігі

27.11.2021, 14:46

539

Жуырда Іле ауданы Қоянқұс ауылы № 47 орта мектепте «Жамбыл Ата» мұражайы ашылды. Аталмыш шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары Серікжан Ибраев,  Іле Аудандық Әдістемелік Орталығы бас маманы Сақыпжамал Сапакова  және Жамбыл ақынның немересі Жеңіс Жамбылов, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы ақынның әдеби мемориалдық музейінің әдіскері Айжан Қисәділ  қатысып,  мерекелік шараның  құрметті қонағы болды.

Салтанатты кеш аудан әкімінің орынбасары Серікжан Берікұлының құттықтау сөзімен басталып, ақын Жамбылдың немересі Жеңіс Жамбыловтың алғыс сөзімен жалғасты. 

 «Жамбыл Ата» музейінде ұлы ақынның  қоғам қайраткерлерімен түскен сурттерімен қатар Жамбыл ауылында орналасқан музейдің үлгісі және де Жамбыл атаға сыйға тартылған домбыралардың көшірмесі қойылды.

Музейдің  бөлмелері ақын Жамбыл шығармашылығына арналған әдебиеттермен толықты. Сонымен  қатар музейге мектебіміздің ақындары 10 сынып оқушысы  Анел Тұржанның,  тарих пәні мұғалімі  Дәурен Кокеновтің және ата-аналардың Жамбыл Жабаевқа арнап  шығарған өлеңдері  қойылды. 

 Жыр дүлділі Жамбылға арналған музейдің ашылуының қорытынды бөлімі  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен  1 желтоқсан тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған концертпен ұласты.

Шараға келген ауыл тұрғындары, ата-аналар мектеп директоры Раушан Сапарқызы Болысбаеваға алғыстарын айтып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Мерекелік шараға қатысушы қонақтар мұндай игі істің бүгінгі ұрпаққа берері мол екенін айтып риза көңілмен тарқасты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48