Құбырлар вандалдарға қарсы материалмен қапталады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

28.08.2021, 10:30

905

" Қыстың қамын жазда ойла". Әсіресе сақылдаған сары аязы мен ақ түтек бораны кейде ес жиғызбайтын Арқа өңірі үшін қыс мезгіліне дайындықты ерте әрі жауапкершілікпен дайындалуды қажет етеді.

Бүгінде Қарағанды қаласында жылу құбырларының жыртық тесігін жамап жасқап орау жұмыстары жүргізілуде. Мамандар жылуды сыртқа жібермейтін әрі вандалдарға құбыр орауын бұзуға мүмкіндік бермейтін әдістерге көшкен.Қазіргі уақытта Қарағандыда Сұрыптау ауданында магистралды құбырларды жаңа материалмен оқшаулап орау жұмыстары басталды. Фольгадан жасалған шыны талшықпен қапталған минералды жабын жылуды сақтауға және оны қала тұрғындарына температурасын жоғалтпай жеткізуге көмектеседі.

Сондай- ақ мұндай материалдарды вандалдар бұза алмайды. Энергетиктердің айтуынша жылу құбырларын бұлай оқшаулау әдісі облыста бірінші рет қолданылып отыр.

«16.6 шақырымға созылған жылу желілерінің учаскелерінде жылу оқшаулауы тозған. Ал бір жерде мүлдем болмаған.Қазір мердігер құбырларды ескі  оқшаулаудан тазартады, тегістегіш астар, лак және жылу оқшаулағыш қабатын қолданады. Қазірдің өзінде 8,8 шақырым құбырға тегістегіш астар жағылған, 8.3 км лакпен сырланып, 3.5 км жылу оқшаулағышы төселді»,- деп мәлімдеді.

«Теплотранзит Қарағанды» компаниясының бас инженері Иван Выткин.Бұл оқшаулағыш құралы отандық өнім, оны Теміртаулық компания шығарады. Компания өніміне 5 жылдық кепіл береді. Құбырларды оқшаулап,  жылылау жұмыстарын жыл соңында аяқтау жоспарланған. Дегенмен мамандар жұмысы қарқыны жақсы болғандықтан ерте аяқтауы да мүмкін деп отыр.

Сонымен қатар жылу магистральінің ақаулы тұстары да ауыстырылуда. Былтыр қыста авариялық жағдай болып бірнеше рет желі ақауланған еді. Бұл Оңтүстік — Шығыс ауданындағы тұрғын үйлердегі жылуды жақсартуға септігін тигізеді.

Қарағандыдағы 3-ші Жылу Энерго орталығындағы жөндеу жұмыстарын 30 қыркүйекте аяқтау жоспарға қойылған. Орталықта 8 қазандық пен 6 турбина жөнделетін болады.

«23 бірлік жылуландыру жабдығы желілік су жылытқыштар мен шыңды бойлерлерге ауқымды тазарту жүргізілуде. Станция аумағында өтетін құбырдың оқшаулау қабаты толығымен ауыстырылды. Бұл шамамен 1400 метр»,- дейді Үшінші Жылу энерго орталығының бас инженері Константин Пятков.

Энергетиктер сөзіне сенсек, қыста жылуға қатысты келеңсіз мәселе болмайды. Сондай ақ өңірде облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің бастамасы мен үшінші жылу құбырының құрылысы салынып жатыр. Бұл жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ол Оңтүстік-Шығыс пен Жаңа Орталықта жылудың тапшылық ету мәселесінің алдын алмақ.

3-ші Жылу энерго орталығынан қалаға қарай өтетін магистральдық желілердің ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Оның бір тармағы Майқұдықтың Көгілдір тоғандар ауданына дейін жетпек. Сондай-ақ бір мезетте төрт сорғы станциялары да салынып жатыр. Жылу құбырының құрылысына 75 жұмысшы мен 45 арнайы техника жұмылдырылуда. Биліктің мәліметінше, құрылыс- монтаж жұмыстары 2022 жылы аяқталуы тиіс.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48