Қымбатқа түскен «ноу-хау»

Мариям МАҚСАТ

22.10.2020, 04:52

1779

Асфальт-бетонды жабындыны жапырақтың үстіне салған мердігер компанияға айыппұл салынды

Ойлы-шұңқырлы жолдар еліміздің бітпейтін проблемасы іспетті. Ауыл түгілі, қала көшелерінің өзінде жолдың шұрық-шұрық тесігі көп. Одан жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жапа шегіп, күнде қиындық көріп жатады. Ал жол жөндеуге жауапты компаниялар түрлі «қылық шығарып», талайды «таңғалдырудан» шаршамақ емес.

Халық бұған дейін жол жөндеу кезіндегі небір «керемет туындылардың» куәсі болды. Асфальт төсеу кезінде жолдың қақ ортасындағы газ құбырларының ескерілмегенін де, енді ғана төселген асфальттың кілем құсап оралатынын да, бір көлік жүргеннен-ақ жаңа жолдың бәлен бөлікке бөлінгенін де байқадық. Ал үйілген жапырақ үстіне төселген асфальтты көрдіңіздер ме? Бұл – павлодарлық мердігерлер ойлап тапқан «жаңа технология».

Облыстың қақ орталығындағы Естай көшесінің бойында орналасқан 142-үйдің ауласындағы жолға асфальт төсейтін кезде «Бонус Строй» ЖШС дәл осындай «ноу-хауды» қолданды. Жұмысшылар алтын күздің байлығы болып жерге түскен сары жапырақтарды жинауға жалқауланды ма, әлде жұмысты тез бітіруге асықты ма, әйтеуір асфальт-бетонды жабындыны жапырақтың үстіне құйды да кетті. Мердігерлердің бұл әрекетін тұрғындар байқап, әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісе бастады. Содан соң ғана Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям бас болып, бірден аталмыш аулаға барып, жұмысшылармен жүздесіп, жол жөндеу технологиясының бұзылғанын анықтады. Араға екі күн салып «Бонус строй» ЖШС асығыс-үсігіс төсей салған асфальт жабындысын алып, оның астындағы жапырақтарды жинап, қоқыстан тазартып, жолды қайта жөндеді. Одан бөлек, қалалық әкімдік бұл мердігер компанияның бұған дейін жөндеген жолдарының барлығын тексеріп, 500 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

 «Жапырақты» жолдар «технологиясын» басқа компаниялар да пайдаланатын көрінеді. Күні кеше әлеуметтік желілерде жұртшылықтан тағы шағым түсті. Бұл жолы Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 288 көпқабатты үйінің тұрғындары мердігерлердің еш қисынға келмейтін әрекетін байқады. «Қарға, батпаққа асфальт төсегенін көрдік, ал жапырақтың үстіне төсеуді бірінші рет көріп отырмыз» деп қуақы қалжыңмен бір түйіп алды.  

Байқағанымыздай, дәл осындай қулық әрекеттер соңғы уақытта жиілеп барады. Мердігерлер ақша табуды, шенеуніктер «жол жасалды» деп есеп тапсыруды бәрінен артық көретін сыңайлы. Қайта қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын тұрғындар мен олардың арыз-шағымдарын жеткізетін әлеуметтік желілер бар. Әйтпегенде, атқамінерлер мұндай тың технологиялардан хабарсыз қалып, жол жөндеушілер ойларына келгенін жасай беруді жалғастыра берер ме еді...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58