06.11.2020, 03:11
1790
Қызылорда облысында полицейлер бір күн ішінде 19 той анықтады, — деп хабарлайды аймақтың Полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, 3 қарашада өткен рейд кезінде карантин талаптарын бұзып, отбасылық той-думан өткізген шаралар анықталған. Мұндай деректердің ішінде 17 той жеке үйде, ал қалған екеуі мейрамханада ұйымдастырылған. Нәтижесінде 19 адамға 792 мың теңге айыппұл салынды.
Мониторинг топтар 5 шілдеден бастап рейд өткізіп келеді. Тексеру нәтижесінде карантин талабын бұзған 804 дерек анықталды. Оның 403-і үйде, 383-і мейрамхана мен дәмханаларда өткізген. Көшеде топтасып жиналған 18 жағдай тіркелді.
«Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 37 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Көбіне карантин талаптарын үйде, қоғамдық тамақтану орындарында және сауда үйлерінде бұзған», — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР