Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов сотталды

Сайт әкімшілігі

10.12.2020, 14:29

2024

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа үкім шығарылды. Сот шешіміне сәйкес, Қуанышбек Ысқақов жазасын түрмеде өтеуі тиіс. 

Қуанышбек Ысқақовтың үкімі №2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді. Сот Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Сонымен қатар экс-әкім мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты «аса ірі көлемдегі алаяқтық» үшін кінәлі деп тануды сұрады.

Еске салайық, Қуанышбек Ысқақов осы жылдың наурыз айының соңынан бастап үйқамақта. Оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылды. Сол айып бойынша онымен бірге тағы төрт адам істі. Істің фигуранттары Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Имандосов және әкімнің басқа экс-орынбасары Марат Делмұханов. Сонымен қатар, айыптау актісінің көшірмесі бизнесмен Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайыловқа берілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15