Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы жеті жылда не тындырды?

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

17.09.2020, 09:22

442

Жеті жылда палата кәсіпкерлердің 5 млрд 928 млн теңгеден аса қаражатын сақтап қалды

Жетіжылдық белесті бағындырған «Атамекен» ҰКП артылған жүкті ауырсынбай, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғай білді.

Пандемия салдарынан Қызылорда облысында 75 пайыз бизнес нысандарының жұмысы уақытша тоқтаған еді. Бірақ палата мамандары кәсіп иелеріне тұрақты қолдау жасап, уақытша қиындықты бірге еңсеруге атсалысты. Мемлекет пен кәсіпкерлер палатасының төтенше кезең уақытында біріккен іс-әрекеті нәтижесінде Сыр еліндегі 51 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісіне салықтық жеңілдіктер берілді. 8000-ға жуық кәсіпкердің несие төлемдері кейінге шегеріліп, сауда нысандары 700 млн теңгенің жалға алу төлемдерінен босатылды. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржы 1,7 млрд теңгеден 2,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Осы жеті жылда Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлердің 5 млрд 928 млн теңгесін сақтап қалды. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмаханның айтуынша, осы жылдар аралығында кәсіпкерлерден 6000-нан аса арыз түсіпті. Оның ішінде 2000-ға жуығы бизнесті қорғау бағытында түскен өтініштер екен. «Орташа есеппен палата сарапшылары түскен өтініштердің 42 пайызы оң шешімге қол жеткізіп, 50-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Жеті  жылда палата кәсіпкерлердің 5 млрд 928 млн теңгеден аса қаражатын сақтап қалды. Оның ішінде 69 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 31 пайыз шағын бизнестің қаржысы», – дейді палата директорының орынбасары. Бұл қаржы күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан құралған.

Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі сатып алулар, жер, сәулет, құрылыс салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келетінін көрсетіп отыр. Мәселен, палата жұмысының соңғы үш-төрт жылында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектеген немесе бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар санының артуын байқауға болады. «2015 жылы кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі жасаған тек бес мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2018 жылдың қорытындысымен 19 қызметкер, 2019 жылы 15 мемлекеттік қызметкер, ағымдағы жылы алтауы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – дейді Салават Құлмахан.

Яғни лауазымды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтерге тексеру жүргізу, мемлекеттік сатып алу және рұқсат беру рәсімдері барысында кәсіпкерлердің құқықтарын шектеген. Одан бөлек, кәсіпкерлерге қатысты азаматтық істі сот тәртібімен қарау барысында мемлекеттік сатып алу барысында заңбұзушылықтарға жол бергені үшін сотпен сегіз мемлекеттік органға жеке ұйғарым шығарылған.

Палата жанындағы «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес» отырыстарында 82 жүйелі мәселенің 68-і оң шешімін тапқан. Нәтижесінде 600-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтіріліп, кәсіп иелеріне қарсы заңсыз әрекетке барған 17 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27