Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция

Миуа БАЙНАЗАРОВА

26.10.2021, 09:44

897

«Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал білімнің сарқылмас көзі – мектепте», – дейді Қызылорда қаласындағы №101 Ә.Мүсілімов атындағы мектеп-лицейінің директоры Айгүл Өткелбаева. Заманауи білім беріп, ұлтымыздың ертеңін сапалы біліммен байланыстырған ұстазбен аз-кем әңгімелескен едік.

– Мектепте инновациялық білім беру мәселесіне тоқталсаңыз.

Мектепте инновациялық білім беру үдерісінің бастапқы құндылықтар жүйесі ретіндегі түсінік оны рухани өндіріс ретінде сипаттайды. Ал оның өнімі тек жаңа білім, құндылықтарды меңгеру емес, сонымен қатар оқушылардың шынайы күші мен әрекеттік қабілеттіліктерін ашу болып табылады. Қазіргі таңда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы әлемдік педагогикалық мәдениеттің гуманистік құндылықтары мен дәстүрлеріне бағытталу қажеттілігі айқын көрініс табуда. Оқытушы шеберлігі оқыту үдерісін үлгілей отырып, оның мазмұнына инновациялық астарын қоса білуінде және кері әсерлерге тойтарыс бере отырып, оқушылар бойында этикалық мінез-құлық, адамгершілік сипаттарды қалыптастыру үшін жағымды жағдай жасайды.Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың инновациялық, интербелсенді технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешілетіндігі сөзсіз. Және бұл ретте білім берудің сапасы көтеріліп, шығармашыл жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

Айгүл Алтынбекқызы, ендеше 2021 жылғы оқушыларыңыздың жеткен жетістіктеріне тоқталсаңыз?

Үздіксіз оқу-ізденіс, үнемі өзін-өзі жетілдіру және зерттеушілік жұмысқа жоғары мотивацияны қамтамасыз ету арқылы оқушыларымыз 2020-2021 оқу жылында 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып, 10 оқушы жеңімпаз атанса, 10-сынып оқушысы Еркеназ Бақытжан жобаның республикалық кезеңінде «Физика» секциясы бойынша жүлделі күміс медаль иегері атанды. Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ халықаралық конкурсында Сандуғаш Серікбай күміс медальді иеленді. Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінде 6 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 2 оқушы облыстық кезеңде ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚР тұңғыш президенті қорының қамқорлығымен жүзеге асырылған «Елбасы Медалі» бірегей жобасында алғашқылардың бірі болып 20 шәкіртіміз қола медаль иеленді. Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққан 103 түлектің 12-сі – «Алтын белгі», 12-сі «Үздік аттестат» иегері атанды.

Ал «Жасыл мектеп» жобасы қалай жүзеге асуда?

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады. Бәріне ортақ принцип бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Былтырғы оқу жылынан бастап мектепте бірнеше маңызды эксперименттік жұмыстар, ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Мектеп-лицейіміз облыс көлемінде «Жасыл мектеп» жобасын іске асыруда. Қызылорда облысының білім басқармасының бұйрығымен білім беру ордамыз «Жасыл мектеп» пилоттық жобасы ендірілетін «Тірек білім беру ұйымы ретінде» бекітілді. Жобанының негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің, оқушылардың, ата-аналардың қатысуымен білім берудің экологиялық бағыты саласында тиімді білім беру моделін енгізу және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Жоба 5 бағытта жұмыс жасауда. Олар – «Биоалуантүрлілік», «Энергияны үнемдеу», «Суды үнемдеу», «Экологиялық-ақпараттық жұмыс», «Қалдықтарға сараптама жасау». Энергияны үнемдеу мақсатында ҒТ-400 маркалы механикалық қондырғы орнатылды. Қазіргі таңда іске қосылып, жұмыс жасап тұр. Мектеп лицейіміздің бірінші қабатына «Өз телефоныңды қуаттандыр» деп аталатын бекет орналастырылды.

Әрі қарай жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыруды жоспарлап отырмыз. «Жасыл мектеп» жобасы аясында оқушылар арасынан ерікті түрде «Жасыл сақшы» эковолонтерлер тобы құрылып, жұмыс атқаруда. Өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісімен, яғни гидропоника әдісі арқылы аквапоника құрылғысында жасылдар өсірілуде. Сондай-ақ мектебімізде оқушыларға жаратылыстану пәндерінде теориямен қатар практикалық жұмыстарды жүзеге асыру, оларды еңбекке баулу, келешекте жылыжай ісінің маманын дайындап, қысы-жазы балғын көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында көлемі 40 шаршы метр аумақты құрайтын жылыжай жұмысы үшінші жыл қатарынан жұмыс жасауда. «Жасыл мектеп» жобасы аясында мектебімізде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе отырып, республикалық форум өткізілді.

Мектепте сабақтың күрделілігі жиі сөз болып жатады. Осы орайда оқушыларыңыздың білім алуға деген ынтасы қалай?

Заманауи білім алғысы келіп, ізденіп тұратын ұрпақ қалыптасып келеді. Сапалы білім – болашаққа құйылар инвестиция. Сондықтан шәкірттерімізге білім беріп қана қоймай, қабілет қарымына қарай бағыттау да – міндетіміз. Шәкірттеріміздің робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу сияқты дүниелерге қызығушылықтары күн санап артуда. STEM элементтерді енгізу тұрғысында мектеп-лицейімізде оқушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды, яғни мектебімізде STEM кабинеті өз жұмысын бастады. Бұл кабинет – информатика, физика, жаратылыстану бірлестігі, сонымен қатар технология мұғалімдеріне ғылыми жұмыспен, шығармашылықпен айналысуын қамтамасыз ететін мол мүмкіндік. «Оқуға құштар ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында өз шығармашылығын дамытуына, рухани қажеттіліктерін өтеуге, ойлау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ететін COWORKING орталығы ашылды. Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру максатында мектеп-лицейімізде бір топ оқушылардың атсалысуымен «Папирус» окырмандар клубы жұмыс жасап келеді. Домбыраға жаны құмар оқушылар үшін «Домбыра» сыныбы ашылып, «Үкілі домбыра» үйірмесі өз жұмысын үздіксіз жүргізуде. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі Сәндібек Райымбекұлы жетекшілік ететін үйірмеге мектеп қабырғасындағы ынтасы бар барлық оқушы қатысып келеді. Жыл көлемінде атқарылған жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылында мектеп ұжымы Қызылорда қаласы әкімдігінің «Үздік мектеп» номинациясымен марапатталды. Осы орайда айта кетер жайт, оқушыларға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін мектеп қолайлы жағдай жасап, ұстаздардың шәкірттерді жетелеуі өте маңызды дер едім.

— Сұхбатыңызға рахмет!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:24
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың 65% - дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сайт әкімшілігі 15:00
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14:35
"Өлгім келеді". Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13:30
Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:48
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 15:56
Елорданың шет аймақтарын дамыту және абаттандыру: Президент тапсырмасы орындалып жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00