Сапарбаев пиязды брендке айналдырмақ

Сайт әкімшілігі

05.11.2020, 20:20

55

Жамбыл облысы пияз егу бойынша республикада көшбасшы болып отыр. Бүгінде өңірде елдегі пияздың 75 пайызы өсірілуде. Биыл шаруалар 691 мың тонна пияз жинап алған. Бұл ретте 41,2 мың тонна өнім алыс және жақын шет мемлекеттерге экспортталса, алдағы уақытта көкөніс қоймаларын көбейту көзделіп отыр. Өз кезегінде өңірдің осы салаға жауапты мамандары жаңа технологиялар мен сұрыптарды енгізе отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түспекші.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

– Әлемдік экономикалық дағдарыс пен пандемияны ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде биыл егістік алқабы 47 мың гектарға ұлғайып, 735 мың гектарға жетіп отыр. 817 мың тонна астық жиналса, орташа өнімділік әр гектардан 22,7 центнерді құрады.Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында түркиялық компанияның қатысуымен таңқурай мен құлпынайды өндірістік отырғызу да қолға алынып, алғаш рет 835 гектарға күздік рапс егілді.Жыл ішінде 11,5 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, оның көлемі 178,5 мың гектарды құрады. Сонымен қатар озық технологияларды енгізу арқылы үдемелі бақ 27 пайызға ұлғайып, 1313 гектарға жетті. Бұдан бөлек игерілмей жатқан 72,1 мың гектар ауылшаруашылық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.Қант қызылшасының өндірісі 133 мың тоннаға жетіп, 4,2 пайызға артты. Қант өндірісін дамыту үшін қуаттылығы жылына 148 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы кәсіпорын құрылысын 85 миллиард теңгеге «Qyzylsha» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Өндіріс орнын іске қосу 2023-ші жылға жоспарланған, – деді Б.Сапарбаев.

Жуырда Жамбылда картоп фриін өндіретін тың кәсіпорын да іске қосылмақшы екен. Бұл жайында Бердібек Мәшбекұлы:– Облыста алғаш рет нидерландтық инвесторлардың қатысуымен «K-АГРО» холдингі құны 54 миллиард теңге тұратын картоп фриін кешенді өндіру зауытын салуда. Өндіріс орны жылына 70 мың тонна өнім шығаруға әлеуетті.Ал «Алель Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құс фабрикасының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтап қалды. Жобалық құны 28 миллиард теңге болатын зауыт жылына 45 мың тонна өнім өндіріп, 150 адамды жұмыспен қамтиды,- деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33