Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

23.09.2021, 08:30

446

Қарағанды облысында баспанаға жете алмай үй кезегінде тұрғандар үшін қаңырап бос қалған үйлер қалпына келтірілуде. Бұл бастама Саран қаласындағы РТБ зауыты ауданын қалпына келтіруден басталды. Кеңестік кезеңде бұл ауданда өнеркәсіп үрдісі дамып, тіршілік қайнап тұрған еді. Кейін тоқырауға түскен тоқсаныншы жылдары бұл өңірдің тынысы тоқтағандай болып, кәсіпорындар жабылып жұрт үдере көшкен еді. Сол кезде көптеген тұрғын үйлерін тастап кеткен соң баспаналары қаңырап бос қалған. Бүтін бір шағын кент үңірейіп, бұл жер "өлі қалаға" айналған еді. Тіпті көрер көзге қорқыныш ұялататын  қалада тұрып жатқан халық саны да азайған еді. Дегенмен соңғы жылдары бұл шаһардың өн бойына қан жүгіргендей болды. Биліктің ықпалымен бұл аудандағы қаңырап бос қалған үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Бұл аумақта «QazTehna» автобус зауытының ашылуы мен Ресейлік «Татнефть» компаниясының автокөлік шиналарын шығаратын кәсіпорын құрылысының салынуы кенттің жандануына өз үлесін қосқан болатын. РТБ зауыты  (Резино — техникалық бұйымдар зауыты ) ауданында 1990 жылдың басынан бері 106 тұрғын үй иесіз қаңырап қалған болатын. Бүгінгі таңда бұл көп қабатты тұрғын үйлердің жағдайын тексеру үшін зерттеу жұмыстары жасалған. Мамандар шығарған қорытындысы бойынша жылдар бойы бос қалған тұрғын үйлердің жартысы қайта қалпына келтіруге жарамайтын болып шыққан. Кейін бұл үйлер сүріліп орнына басқа жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар  салынатын болады.

Шенеуніктердің айтуынша, жаңа жұмыс орындары болатын кәсіпорын ашылған соң 11 гектар тұрғын үй аймағын қалпына келтіруге мүмкіндік  тиген. Былтырғы жылы Саран қаласындағы РТИ зауыты ауданындағы екі ескі үй қалпына келтіріліп, осы жерден үй кезегінде тұрғандарға пәтер беріліп, олар қоныс тойын тойлаған.

«Саран қаласында пәтер жалдап келген едік, кезекте қаншама жыл тұрдым. Енді осы РТИ ауданынан баспана бұйырып қуанып қалдық. Бұрын үңірейіп тұратын ауданның жаңарып келе жатқаны біріншіден бала — шағамыз үшін жақсы болды »,- дейді РТИ ауданының тұрғыны Қуаныш Жақсылықов.

Биліктегі атқа мінерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта тоғыз үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі үйдің жұмысын осы жылы аяқтайды.  Бұл үйлерден 360 пәтер баспана кезегін күтіп жүрген тұрғындарға берілсе,150 пәтер сол жерде индустриалды аймақта құрылатын кәсіпорындардың мамандарына арналады. 

«Тексеру кезінде елуге жуық үй өмір сүруге жарамды деп танылды. Бұл үйдің кезегін күтіп жүргендердің санын екі есе қысқартуға мүмкіндік береді. Біз заң тұрғысынан таза пәтерлерді ғана баспана ретінде қайта қалпына келтіріп жатырмыз.   Қазіргі уақытта 5 қабатты тұрғын үйлер қалпына келтірілуде »,- деп мәлімдеді Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов.

 Мамандардың сөзіне сенсек, бұл ауданнан баспана алған тұрғындарда инженерлік желілерге қатысты проблема болмайды. Тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін модульдік қазандық салынатын болады. Бұл өңірде үйлерді қалпына келтірумен қатар аулалар абаттандырылып, жолдарға асфальт төселеді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру үшін де жаңа жобалар іске асырылып келеді. Бүгінде балабақша мен спорт кешенін салу үшін жер телімі сатып алынған көрінеді. Саран қаласы әкімінің айтуынша бұл ауданда қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау орнатылған. Алдағы уақытта әлеуметтік дәріхана мен полиция бөлімі ашылып халыққа қызмет көрсетеді. Осылайша кезінде ел үдере көшкен РТБ зауыты ауданына тіршілік еніп, дами бастаған. Биліктегілер жылына бос қалған он үйді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31