23.08.2021, 15:00
687
Сарандықтарды талай жыл титықтатып, сараңға салған жылу электр орталығының жұмысы биылғы қыстан бастап кідіріссіз жұмыс істейтін болды. Мұндағы жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмысы 2020 жылы қолға алын-ды. Ғимараттағы құрылыс тәулік бойы кідіріссіз жүруде. Қазір жоспарға алынған 4 қазандықтың екеуі орынына қойылды. ЖЭО-ғы әкімшіліктің ғимараты, өрт сөндіру депосы және қазандық жабдықтарын жөндеуге арналған қосалқы цехтың құрылысы да тәмамдалды. Жылу магистральдары қалаға жеткізілді. Қазандық заманауи талапқа сай, қуаттылығы жоғары. Атап айтқанда, жаңа құрылғы көмірдің кез-келген түрін пайдаланады әрі тиімді жағу технологиясы бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ қазандық шаhарды ғана емес, РТИ шағын ауданын да жылытуға қауқарлы. Орталықтағы жылу көзінің құрылысы 2022 жылы толық аяқталады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР