Саунадағы сайран: семейлік полицейлер қызметінен кетті

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

18.02.2021, 14:10

824

«Жас Алаш» газетінің сайтында «Карантинде Семей полицейлері моншада той тойлап жүр» атты ақпарат жарияланған болатын.

        Әлеуметтік желіні түгел жаулап алған Семей полицейлерінің пандемиялық тыйымдарға қарамастан, саунада басшыларының қызметке келгенін атап өтіп, суретін желіге салғаны өздерін «ұшырып» жіберді.Шулы оқиғаға байланысты түсінік берген ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйенсек, аталған департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы полицейлердің монша  кешеніне бару фактісі бойынша  қызметтік тергеу жүргізген. «Тексеру нәтижесіне сәйкес,  қызметтік  тәртіпті бұзушылыққа  жол бергені үшін Семей қаласы ПБ  орталық полиция бөлімі  жергілікті полиция  қызметі бөлімшесінің басшысы Р.Сұңғатов  атқарып отырған лауазымынан босатылды.  Учаскелік полиция инспекторлары  қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген департамент таратқан мәлімдемеде. Сонымен қатар  өз  міндеттеріне салғырт қарап, жеке құрамға  бақылау жасамағаны үшін  Семейдегі орталық полиция  бөлімінің  бірқатар лауазымды тұлғалары қызметімен қош айтысты.

        Өзі отырған ағашты өзі кескендей әрекетке барған «қызыл жағалылардың» бұдан кейінгі күндері де мәз болмайтын сыңайлы. Моншаға барып тойлатқан полиция қызметкерлеріне қатысты  уәкілетті органға (ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау департаментіне) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін оларды  әкімшілік жауапқа тарту мақсатында  тиісті материалдар жолданыпты.

Тегтер: полиция жауапкершілік әкім. облыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01