Саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Еркежан АРЫН

29.06.2021, 11:08

1206

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Оның қызметі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы жарлығына сәйкес басталды.

Комиссияның негізгі міндеті – саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттары үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру.

Ержан Бабақұмаров Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ескере отырып, қалалық комиссия жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Қалалық комиссия төрағасының орынбасары, тарих ғылымының докторы Бауыржан Жанғутин іздеу шараларын ұйымдастыру үшін студент жастар арасынан еріктілердің жаңа жұмыс тобын құрғанын хабарлады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, доцент Бауыржан Жанғутиннің айтуынша, комиссия жұмысының басты мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселелерін жан-жақты зерттеу және шешу. Тоғыз қалалық жұмыс тобы құрылды, мұрағат көздерін және басқа материалдарды жинау, зерттеудің негізгі бағыттары анықталды.

– Алматы комиссиясының құрамына 51 адам кіреді, бұлар толық білікті кадрлар. Олардың 70 пайызы ғылым докторлары, 30 пайызының академиялық магистр дәрежесі бар, елдің жетекші жоғары оқу орындарының қызметкерлері. Тағы айтарым, қоғамдық көмек біз үшін маңызды. Көптеген отбасыларда хаттар, кітаптар сақталған, бұл біздің жұмысымыздың маңызды аспектісі. Бұл естелік. Әр адам біз үшін маңызды. 398-58-22 сенім телефоны бар. Жұмыстың бірінші кезеңі жоспарға сәйкес жүруде, – дейді комиссия төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының мемлекеттік ғылыми мұрағаттарымен (Мәскеу) қарым-қатынастар туралы, 398-58-22 сенім телефонының қала тұрғындары және қала қонақтарымен байланыс қызметі туралы, сондай-ақ, жалпы, комиссия жүргізген іздеу және ғылыми іс-шаралар туралы да ақпарат айтылды.

Отырысқа жұмыс топтарының жетекшілері Ш.Забих, М.Ғубайдуллина, А.Өтеғалиева, Н.Алпысбаева, Б.Қабдушев, Г.Нұрымбетова, Г.Мұқанова, Т.Құлтаев, З.Төленовалар қатысты, олар мұрағаттағы атқарылған жұмыс, жоспарлар, зерттеу қызметі туралы есеп берді.

Кездесуді қорытындылай келе, Ержан Бабақұмаров қалалық комиссияның зерттеулері, ғылыми жұмыстары, ғалымдарға барлық мемлекеттік, қалалық және арнайы архивтерге қолжетімділігі тұрғысынан көмек көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15