Сессия онлайн өтті

Сайт әкімшілігі

19.11.2020, 15:55

324

Шымкент қаласында қатаң шектеу шараларын және карантинді ұзарту туралы қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жетпісінші сессиясы онлайн форматта өтті. Мәжіліс сессиясы күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Сессия Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауына сәйкес алғаш рет тікелей эфирде ұйымдастырылды. Бұл эфирді қала мәслихатының ресми сайты арқылы қала тұрғындары көре алды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қабылданған карантинді шараларға байланысты экономикалық бағытта 22 индикатор қайта қаралды. Оның ішінде экономикалық бағытта 11, әлеуметтік даму бағытында 8, инфрақұрылым бағытында 3 өзгеріс енгізілді.

Келесі мәселе бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығы жанына «Өнер мектебі» нысанын салу және пайдалануға беру үшін 2 млрд 433 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттеме қабылданған болатын. Алайда жекешелік-әріптестік аясында «Эуро ремонт сервис» ЖШС жұмысты өз уақытында аяқтамауына байланысты осы жылғы операциялық шығындарды өтеуге қаралған 67,6 млн теңгені қысқарту ұсынысы қаралды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін бекіту мәселесі қаралды. Қалалық Қоғамдық кеңес конкурсына 10 үміткерден өтініш келіп түскен. Қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы кандидатқа дауыс беру арқылы 6 мүше сайланды.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының онлайн режимдегі отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Мәжіліс соңында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігін арттыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттар корпусына карантин кезінде әкімдік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49