03.02.2021, 14:11
1214
Мұнда бір мезетте 96 адам короновирус жұқтырған. Қауіпті індетке тап болғандардың 70-і қарттар үйіндегі қариялар болса, қалған 26-сы осында жұмыс істейтін қызметкерлер. Дәрігерлер науқастармен байланыста болған адамдардан «ПТР» сынамасын алды. Ақ халаттылар қазір сырқаттардың жағыдайы бір қалыпты деп сендірді. Ал, облыстық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова бізге:
— Бүгінде ауру ошағы толық жойылды. Індет жұқтырғандармен қатынаста болған жандар әлі де анықталып жатыр. Мекемеге жүргізілген дезинфекциялық шаралар толығымен аяқталды- деп, мәлімдеді.
Еске сала кетейік, шағын шахардағы пансионат наурыз айынан бері қауіпті індетке байланысты, жабық жағдайдағы жұмыс істеуге көшкен болатын. Алайда, қатер мен кесел айтып келмейтіні тағы дәлелдеп отыр. Шахан кентіндегі дабыл қағарлық жағдайдан соң, мұнда санитарлық талап бұрынғыдан күшейтілді. Ақпанның алтысынан бастап, қаладағы мектептердің оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. Балабақшалардың, спорттық кешендердің сондай-ақ, халыққа қызмет көрсететін нысандардың, базарлардың жұмысына тиым салынды. Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктердің жүруі тоқтатылады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР