Шаңырағы шайқалған мектеп

Раушан НАЗАРБЕКОВА

01.04.2021, 12:52

3253

       Ардагер педагог Әбілқасым Ергебековтің  №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясына сіңірген еңбегі орасан зор.Ұжымдағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықтың арқасында алынбаған асуы болмаған гимназия мектебі аудандағы үлгі тұтар мектептердің бірі еді. Ардагер педагог зейнетке кеткенде орнына өзінің ісіне шебер, ісін жалғастырушы Абзалбек Оразов мырза келіп басқарды. Қызғыштай қорып, мектеп-гимназия статусы мен абыройын еш төмендетпеген. Жоғары оқу орнына түскен шәкірттерімізге ректорларының атынан  А.Оразовқа алғыс жолдап, ілтипаттары мен ризашылықтарын білдіріп отыратын. Он екі жылдан аса уақыт мектепті басқарған  А.Оразов ұжымның ауызбіршілігі мен ұйытқысын басты назарда ұстаушы еді. Ол кісі денсаулығына байланысты жұмыстан кеткелі екі жылдан аса уақыт өтті. Қазіргі жағдайды естісе көзіне жас алмай қоймайтыны анық. Себебі қазір мектебімізді басқарып отырған Гүлнар Мұсаханова мектепке қандай жақсы жағдай жасады десеңізші?! Өйткені алдыңғы екі басшы бар еңбегін сіңіріп қорғаған гимназия статусы енді алынып тасталғалы тұр. Неге? Ұжым екіге бөлінді, бұрынғыдай қалжыңдасып, арқа-жарқа әңгімелесіп, қалжыңдасатын ұжым қазір жоқ. Қазір бір-бірін аңду,  басшының тарапынан қудалау мен қорқыту. Білім ордасы емес, өсек пен қаңқу сөзге еліктеу мекені болды.

     2020 жылдың 18 қарашасы күні мен, Назарбекова Раушан, көпбалалы алтын алқалы ана, қолыма қысқартуға байланысты ескерту қағазын алдым. Көпбалалы ана екендігімді, 12 жылдан астам уақыт еңбек өтілімді айтып өтініш жаздым. Алайда менің өтінішімді қараусыз қалдырды. Мұндай ескерту хатты ұжымда біраз ұстазға берген еді. Бұл «сырты бүтін, іші түтін» дәл қазіргі мектеп-гимназияның ахуалы. Біраз ұстаз өз құқығын қорғау мақсатында  жауапты мекемелерге жүгінді. Алайда еш нәтиже жоқ.       Биыл 25 қаңтар күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев және департамент жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі Д.Ускумбаева Жуалы ауданы білім саласының мамандарымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия мұғалімдері тарапынан мектепте ақша жинау фактілері орын алып жатқаны анықталды. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында мектеп ұжымынан «Жамбыл адалдық алаңы» ЖК қызметкерлері жасырын сауалнама алған болатын. Сауалнамаға 125 ұстаз қатысып, оның ішінде 80 ұстаз директорды қолдағанымен, 45 ұстаз қарсы пікір білдіріп, заңсыз әрекеттердің белең алып жатқаны туралы жазған. Алайда бір айдан астам уақыт өтті, директорға ешбір шара қолданылмады. 23 ақпан күні  мектеп-гимназияға Жамбыл облысы білім басқармасының жанынан құрылған комиссия келіп, профилактикалық бақылау жүргізді. 26 ақпанға дейін жүргізілген тексеріс 31 пункттен тұратын құжаттарды зерделеген.

        Тексеріс қорытындысын Жамбыл облысы білімді бақылау  департаменті басшысы Д.Ускумбаева зуум платформасы арқылы жүргізді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Тұрмағанбетова, №19 мектеп-гимназия директоры  Г.Мұсаханова және мектеп ұжымы қатысты. Қорытындыда 31 пункттің 16 пунктінен алты өрескел, екі елеулі, сегіз болмашы қателіктер орын алған. Д.Ускумбаева ханым мұндай өрескел қателіктерге жол берген Г.Мұсахановаға  білім басқармасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Жамбыл облысы әкімдігіне, ІІД, прокуратураға, антикорға  мектептің гимназия статусын алып тастауға өтініш білдіретіні туралы мәлім етті. Енді ұжымға осы қателіктерді түзетуге алты ай, яғни 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін уақыт беріліп отыр. Қайталанған жағдайда мектептің лицензиясын алатынын ескертті. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» демекші, тіреуі мықты болғандығы ма, әлде құзырлы органдардың әлсіздігі ме, Г.Мұсаханова әлі  күнге  бейғам жүр. Бұл – бір басшыны жамандау емес, ұстаздардың жанайқайы.

(мақаланың  соңына  осы  мектептің    тағы  алты  мұғалімі қол қойған)

Тегтер: мектеп мәселе ұстаз басшылық лицензия жанайқай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58