«Shanyraq» отбасыларға көмек көрсетеді

Сайт әкімшілігі

13.11.2020, 13:22

68

 Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын.

«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы қаладағы көпбалалы жəне аз қамтылған отбасыларды тіркеуде заңгерлік, əлеуметтік жəне психологиялық көмек көрсетуден бастап, оларды кəсіпкерлік негіздеріне бағытталған мамандықтар бойынша бизнес жоспар құруға, кәсіп ашуға грант немесе микрокредит алуға, сондай-ақ жұмысқа орналасуға кезең – кезеңімен бағыт- бағдар беріліп, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңға дейін орталық 10 кездесу, 5 бизнес семинар-тренинг ұйымдастырды. Жалпы 686 адамға, оның ішінде 274-іне офлайн, 412-не онлайн түрде жеке кеңестер беріліп, мұқтаждықтарына байланысты сұрақтары қанағаттандырылған. Сондай-ақ, 41 адамға психологтың жеке кеңесі берілді.

Орталықтың басты мақсаты — аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42