Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады

Б.СӘРСЕНБІ

25.05.2023, 16:30

3917

Түркістан облысында шіркейге қарсы күрес шаралары белсенді түрде жүріп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Satti tulik» ЖШС-ы директорының орынбасары Қайрат Ерменов мәлім етті.

«Жас Алашта» бұған дейін де жазылғандай, Сырдария өзені бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы орналасқан елдімекендерде шіркейлердің көбеюі соңғы бірнеше жылда қалыпты жағдайға айналған. Жуырда бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Өңір басшысы шіркейлерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отырғанына тоқталып, сала басшыларын қатаң сынға алды. Кемшіліктерге жол бергені үшін жауапты басқарма басшысына тиісті шара қолдануды тапсырды. Өңірде шіркейге қарсы дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандары белгіленген. Залалсыздандырылатын аумақ көлемі – 7 713,1 га.

– Өңірімізде шіркей және сол сияқты қансорғыш жәндіктермен күрес жұмыстары тоқтаған жоқ. Яғни химиялық және биологиялық әдістерімен өңделіп жатыр. Осы ретте облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы 17 052,9 гектар аумақ химиялық өңдеуден өтті. Түркістан қаласы аумағында – 386,4 гектар, Кентау қаласы аумағында – 37,9 гектар, Арыс қаласы аумағында – 279,23 гектар, Отырар ауданы аумағында – 166,3 гектар, Сауран ауданы аумағында – 107,5 гектар, Шардара ауданы аумағында – 243,8 гектар жер теліміне 3 реттен дезинсекция шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстарды сапалы орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, жұмысшы топ құрылған, – деді Қайрат Ерменұлы.

Сонымен қатар Сырдария өзенінің бірнеше аумағы бактицид препараты арқылы биологиялық әдіспен өңделген. Мамандардың пікірінше, былтырғы жылға қарағанда шіркейлердің саны биыл 4-5 есе көп.

— Егер біз дер кезінде жұмыс жүргізбегенде шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық техника, 80-нен астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы, шіркейлерді түгелдей жою мүмкін емес. Тек санын азайту бағытында жыл сайын жұмыс істейміз. Жұмыстар жалғасады, – деді Қ.Ерменов.

Брифинг барысында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бахтыбек Убайдин өңірде зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Басқарма өкілінің айтуынша, дәрілеу шаралары Сырдария өзенінің флорасы мен фаунасына зиян тигізбейді, тек шіркейлердің санын азайтып, жергілікті тұрғындарды күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ шіркейге қарсы күрес шаралары тамыз айына дейін жүйелі түрде жалғаса береді және ол басқарманың қатаң бақылауында болады.

 «Satti Tulik» ЖШС-ы тарапынан ғылыми топ құрылып, шіркейлердің көбею ошақтарына байланысты зерделеу жұмыстары қолға алынған. Ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылған. Дезинсекция жұмыстарына 62 техника және 77 адам тартылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақсұлтан ҚАЛЫБЕКОВ 09:01
«Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
Сайт әкімшілігі 07.06.2023, 10:35
“Үлгілі елді мекен” конкурсы үздіктер үшін
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00