ШҚО-да 12 сантиметр қар түсті

Сайт әкімшілігі

25.09.2020, 08:24

1450

Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының тауларына қар жауды. 

Қар облыстың бірнеше ауданында — Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласының маңында жауды. Осы табиғи құбылыстың видеосы мен суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары жариялап жатыр. Видеолардың бірінің авторы Марқакөл қорығының аумағында таңертең жауған қардың биіктігі 12 сантиметр екенін айтты.

1860 метр биіктіктегі Риддер маңындағы тауларда да қар жамылғысы көрінеді.

"Қазгидромет" РМК орталығының өкілдері бұл ақпаратты растап, Шығыс Қазақстанның таулы аудандары үшін бұл үйреншікті құбылыс екенін атап өтті, бірақ әдетте бұл жерлерде қар сәл кеш түседі.

«Біздің метеостанцияларымызда тек Марқакөл қорығының аумағында қар аралас жаңбыр байқалды, қалған станцияларда қар болған жоқ. Бірақ тауларда Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласының маңында қар жауған. Оның мөлшерін айта алмаймын, өйткені тауларда метеостанциялар жоқ», — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК кезекші синоптигі Динара Жылыбаева.

Маманның айтуынша, алдағы күндері ШҚО-да күн жылынбайды. Облыс аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58