Шымкент ең белсенді қала

Сайт әкімшілігі

19.11.2020, 15:47

59

Қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов  Шымкентте өткен «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы. «Birgemiz» атты ІІ Азаматтық форумында қоғамдық ұйымдардың қызметін қайта жаңғыртып, транформациялауға қатысты тың мәліметтерімен бөлісті.

–Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақ елі қандай мемлекет болуы керек деген сұрақ тұрды. Сол кезде саяси күштердің тарапынан әртүрлі ұсыныстар түсті. «Кеңестік жүйені сақтап қалайық!» немесе «Таза діни мемлекет құрайық!» деген де ұсыныстар болды. Сол кезде халқымыз азаматтық қоғамы дамыған мемлекет құрайық деген шешімге тоқтады. Қанатты қағиданың заңды жемісі қаладағы 800-ден астам қоғамдық ұйымдардың жұмысы деп білемін, — деді ол.

Болат Анапияұлының сөзіне сүйенсек, мемлекет азаматтық қоғам институттарын қолдауды бір сәтке де тоқтатқан емес. Бұл ең алдымен мемлекеттің мүддесі. Соңғы жылдарды қоғамдық ұйымдардың қызметін қайта жаңғыртып, транcформациялауға жағдай жасап келеді. Бірінші кезекте Ұлттық қоғамдық кеңес құру арқылы қоғамның сенімінен шығуға үлкен септігін тигізді.

Волонтерлық қызмет саласында да айтарлықтай серпіліс байқалды. Еріктілер жылы аяқталуға жақын. Карантин кезінде Шымкент қоғамдық бақылау жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқарған қаланың бірі.

Үкіметтік емес ұйымдарды  дамытудың жаңа тәсілдерін қарастыру қарқынды жүріп жатыр. Жобалардың саны ғана емес, сапасы да қажет. Оның басты нысаны ретінде адам және оның өмірінің сапасы болуы тиіс. ҮЕҰ кәсібилендіру бойынша жүйелі мамандандырылған білім беру мен біліктілікті арттыру бағдарламалары жоқ. ҮЕҰ-дың академиясы деген пилоттық жобаны бастау алуда. Оның басты мақсаты әр түрлі салада жүрген ҮЕҰ-ға грантты ғылыми бағыттағы жобаларға беру туралы ұсыныс білдірілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42