Шымкент қысқа дайын

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 16:00

53

Шымкентте авариялық-құтқару және коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығын пысықтау іс-шарасы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі М.Әйтенов, төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары, азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев, полковник Ж.Кәрімбаев арнайы техниканың дайындығын тексерді. Сондай-ақ, іс-шараға жол-патрульдік полициясының қызметкерлері де қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдар қорымен қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техниканың дайындығын тексеру, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау.

Коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрамындағы 5 ұйым – «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» мекемелері қажетті техникалармен жабдықталды. Аталған бес мекеме қалада ұзындығы 1012,16 шақырым 299 көшеде қызмет көрсетеді.

Қысқы маусымға инертті материалдардан, 5000 тонна тұз, 17217 текше метр құм дайындалған. Жеке құрамдағы 670 адам және 182 техника сақадай сай. Сондай-ақ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінен 28 техника қажетті құралдармен жабдықталды. Техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексеру барысында қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері пысықталды. Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42