Шымкент және Ұлы Жібек жолы

Мегаполистің тарихы ЮНЕСКО деңгейінде талқыланды

М.СӘУЛЕБЕК

28.10.2021, 16:20

573

Шымкент – тарихы тереңде жатқан шаһар. Шымкент Ұлы Жібек жолының бойында жатқан, қолөнері мен саудасы дамыған, бүгінде өзінің тарихи орнын сақтап қалған сирек қалалардың бірі саналады. Қазба жұмыстары қаланың  жасын 2200 жыл деп көрсетті. Яғни Шымкент – Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі.

Жазба  деректерде  «Шымкент» атауы Шарафаддин Йаздидің Ақсақ Темірдің жорықтары жайында жазған «Зафар-наме» атты еңбегінде кездеседі. Оның жазуынша, 1365-66 жылдары Ақсақ Темір Моғолстанға бара жатқан жорығында Шымкентте біраз күн аялдаған. 2003 жылы «Шымкенттің ортағасырлық кезеңін археологиялық қазбалар бойынша зерттеу» деген атаумен жүргізілген кең көлемдегі қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер қаланың өте ескі шаһар екенін айқындап берді. Сол кезде біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың II-III ғасырларына тиесілі аса құнды жәдігерлер табылды. Зерттеушілер табылған көне заттарға қарап, көне Шымкенттің Орталық Азияның мәдениеті гүлденген қалаларымен тығыз байланыста болғанын анықтады. Соңғы жылдары Шымкенттің тарихын зерттеуге, оны танытуға қатысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.  Соның бірі ретінде осы аптада өткен «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» тақырыбындағы халықаралық кездесуді айтуға болады.

Шараны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының қатысуымен, мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды.  Кездесуге Орталық Азия елдерінің белгілі тарихшылары мен археологтары, мәдениет және спорт министрлігінің сарапшылары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  ғалымдары қатысып, Шымкенттің Ұлы Жібек жолы тарихындағы рөлін, оның Орталық Азия картасындағы бірегейлігін және мегаполистегі тарихи нысандарды ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізу мүмкіндігін талқылады.

Іс-шараның ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Қазақстандағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бас хатшысы Әлия Байсабаева, «Жібек жолы» жобасының үйлестірушісі, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра орталығының Азия-Тынық мұхиты секторының басшысы Фенг Джинг және тағы басқалар қатысты.

–  Шымкент – мәдениет пен өркениетті үндестіріп тұрған тарихи қала. Бүгінгі жиын Шымкенттің Ұлы Жібек жолы тарихындағы орны мен ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар жүйесіндегі рөлін айқындай түспек. Біз елімізге келген туристерді табиғатымызбен, қонақжайлылығымызбен ғана емес, өңірдің терең тарихымен таныстыруымыз керек. Ал осы мақсатта атқарылатын жұмыс барысында кездесу қатысушыларынан тың идеялар күтеміз, – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

 Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және оны әлемге паш ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырғанын алға тартты.

– Шымкент өткен дәуірде Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде танылса, бүгінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа күре жолында орналасқан мегаполис. 2200 жылдық терең тарихы бар Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімін толықтырып, оның мазмұнын байыта түседі деп санаймыз, – деді Н.Дәуешов.

Сондай-ақ халықаралық кездесу барысында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат та сөз алды.

– Бүгінде Қазақстан өз аумағындағы тарихи-мәдени маңызға ие ескерткіштер мен рухани мұраны сақтау және насихаттау бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент қаласының 2200 жылдығы аясында қолға алынып отырған бұл жобаның маңызы зор деп есептеймін. Себебі ол келешекте Қазақстанның бай әрі сан алуан мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға және оны әлемге танытуға зор септігін тигізеді, – деді ол.

Еліміздің ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әлия Байсабаева мен халықаралық ICCROM орталығы бас директорының арнайы кеңесшісі Франческо Бандарин, сондай-ақ «Жібек жолы» жобасының үйлестірушісі Фенг Джинг бейнебайланысқа шығып, ғалымдардың жұмысына сәттілік тіледі.

– 2200 жылдық тарихы бар қаланы қайта қалпына келтіріп, көнені жаңғырту, оны әлемге таныту үлкен еңбек. Бұл өткенге құрметтің, болашаққа деген нық сенімнің көрінісі деп айта аламын. Сіздерге осынау игі бастамаларыңызда сәттілік тілеймін, – деді Фенг Джинг.

Кездесудің алғашқы күнінде «Шымкент қаласының тарихи ретроспективасы және болашағы», «Жібек жолының тарихи-мәдени кеңістігіндегі Шымкент» және «Шымкент қаласының археологиясы, этнографиясы, музейтануы мәселелері» тақырыптарында үш пленарлық сессия ұйымдастырылды. Ертеңіне Шымкент аумағындағы нысандарды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша вебинар өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30