20.08.2020, 10:50
147
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов айтты.
– Биыл құрылыс жұмыстарының көлемін 120 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Бүгінде оның 7 ай ішінде көлемі 52,2 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Осы жылы Құрылыс басқармасы арқылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Олар – 92 тұрғын үй, 34 инженерлік инфрақұрылым, 13 мектеп, 1 денсаулық сақтау, 2 мәдениет, 3 спорт, 3 абаттандыру, 3 ауыл шаруашылығы және 3 өзге сала нысандары, – деді Е.Ахметов.
Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда қалада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен барлық қаржы көздері есебінен ауданы 1 миллион шаршы метр 262 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Оның ішінде құрылыс басқармасы арқылы бюджет есебінен 92 тұрғын үй бой көтеруде.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР