Шымкентте «IQALA» жобасы басталды

Сайт әкімшілігі

21.11.2020, 18:09

64

Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы жобалардың бірі – «Iqala» жобасы. Цифрландыру басқармасының басшысы Ә. Әбдіраханов қала әкімі М. Әйтеновке  аталған жобаны таныстырды.

Бүгінде монополистер ұсынатын қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде бюрократияға, уақыт жоғалтуға әкеп соқтырады. Iqala қалалық қызмет көрсету орталығы – Нұр-Сұлтан қаласының үлгісі бойынша дайындалуда.

– Iqala қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі деп жоспарлап отырмыз. Жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ қызметке өтінім бере алады. Бұл бір реттік өтінішпен бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Жоба коммуналдық қызметтердің ашықтығын көрсетеді, – деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, жоба бойынша коммуналдық қызметтерді алу процедураларын жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн режимінде ұсыну, құжаттарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде тапсыру, өтінімнің мәртебесін бақылау, құжаттарды сақтау сынды оң нәтижелер көзделуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 16:32
25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:03
Баталов ауыл тұрғындарының арызына құлақ аса ма?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:38
Бес өңір "қызыл аймаққа" енді

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33