Шымкентте карантин жеңілдеді

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 08:57

287

Шымкентте карантин талаптары жеңілдетілді. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті.

Баспасөз мəжілісінде аталған департаменттің өкілі Болат Нұрманов қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

– Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 20 қыркүйегі аралығында коронавирус пандемиясымен 5186-ы жағдай тіркелді. Жалпы қарым-қатынаста болған 9649 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған. Бүгінде карантиннен алынғаны – 8700. Оның 4581-і сауығып шыққан. Ал 539 науқас ем алу үстінде, – деді Болат Нұрманов.

 Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №38 Қаулысымен  кейбір нысандардың жұмысына жеңілдету шаралары енгізілді.

Атап айтқанда:

– Спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының және жабық спорттық құрылымдардың) бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00 мен 23:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмыстары ұйымдастырылды;

– СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы сағат 09:00 мен 21:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылды. Жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынды;

– Моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылды;

– Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеліп, бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалау тапсырылды.

Алайда кейбір нысандардың жұмысына жеңілдету шараларын енгізілгеніне қарамастан, тыйымдар сақталуда.

Мəселен:

– Жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынды;

– Кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынды, ашық кинотеатрлардың жұмысы бетперде тағу режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілді жəне өңіраралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тыйым салынды.

Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі басшысының айтуынша, қалада соңғы тәуліктерде коронавирустық инфекциясымен ешқандай жағдай тіркелмеген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15