Шымкентте тағы бір провизорлық орталық жабылды

Сайт әкімшілігі

01.09.2020, 04:43

294

Шымкентте 100-ден астам бала вирустық инфекциядан жазылып шықты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Вирустық инфекция өршіген тұста қаладағы Асар шағынауданындағы балалар клиникалық аурухана базасында көп бейінді  провизорлық орталық ашылған. Мұнда дәрігерлер коронавирус, пневмония дертіне шалдыққан ауыр және орташа халдегі балаларға емдеу шараларын жүргізді.

Екі айдан аса инфекциялық стационар болып жұмыс істеген орталыққа 107 науқас келіп түскен. Оның ішінде 98 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас балаларға провизорлық  стационардағы 20-ға жуық қызметкер тәулік бойы емдеу шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде балалар ауруханасындағы стационарда өлім жағдайы тіркелмеді дейді мамандар.

Айта кететін жайт, балаларға арналған провизорлық орталықта пульмонолог, травматолог, хирург, невролог, нейрохирург, аллерголог сынды бейінді дәрігерлер бар.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық  инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастап кетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 14:05
Маңғыстау тас жолында әскери ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 12:55
Алматы облысында карантин күшейді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 09.04.2021, 11:44
Әйтеновтің «А» сценарийі
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09.04.2021, 09:03
Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 13:50
Нұр-Сұлтанның бас санитары Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08.04.2021, 13:05
Бас санитарлық дәрігерді сотқа берді

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19