Шымкентте тәулігіне 2 мың тест қабылданады

Сайт әкімшілігі

07.11.2020, 08:07

395

Шымкентте тұрғындарына қызмет көрсететін 9 ПТР зертханасы ашылған. Олар күніне 3500-ге жуық тест жасау мүмкіндігіне ие.  Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мəлімдеді.

–Тəулігіне 1500 бен 2000-ның арасында тест қабылдауда. Осы күнге дейін 116 591 ПТР тесті өткізілген. Қалада 1 060 төсек-орын бар. Оның 560-ы жұқпалы ауруларға, 500-і карантиндік ауруларға арналған. Қазіргі таңда жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 156 науқас ем алуда, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, үшінші мегаполисте эпидемиологиялық ахуал үнемі бақылауда және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Айта кетейік, қалада 2020 жылдың 24 наурызынан 29 қазанына дейін коронавирус инфекциясының 5 231 жағдайы тіркелген. Оның 2662-сі симптомды болса, 2569-ы – симптомсыз. Олардың ішінде 5 152 науқас емделіп шыққан. Ал осы жылдың 1 тамызы мен 29 қазан аралығында COVID-19 белгілері мен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 985 жағдайы тіркелген.

        

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02