Шымкенттіктердің 50 пайызы екпе қабылдады

М.СӘУЛЕБЕК

09.07.2021, 14:20

1017

Шымкент қаласында коронавирус індетіне қарсы екпе қабылдағандардың көрсеткіші 50 пайызға жетті. Осылайша үшінші мегаполис республикада тұрғындарының тең жартысы вакцинациядан өткен алғашқы өңір атанды.

 Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында ковидке қарсы іс-қимылдың нәтижелері мен вакциналау мәселелері талқыланды. Алдымен қалыптасқан ахуалға тоқталсақ.

 Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Үш күн бойына қалада ковид инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны 100-ден жоғары болып отыр. Осыны негізге алған қала әкімі Мұрат Әйтенов карантиндік шектеулердің орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар екпе салдыру мәселесінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді міндеттеді.

Қазіргі таңда қаладағы 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бекбауова коронавирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 50 пайыздан асқанын мәлім етті.

«Қалада 536 мың адам инфекцияға қарсы екпе салдыру қажет болса, бүгінгі таңда бірінші компонент 267 595 адамға егілді. Бұл вакцинация жоспарының 50 пайызын  құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республикадағы өңірлер арасында көшбасшысы болып табылады»,-деді А.Бекбауова.

Вакцина салу бойынша Шымкент «жасыл аймақта». 1 шілдеге  дейін 3500 адамға екпе егу жоспарланып, нәтижесінде 4373 адамға вакцина салынған. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Бизнес субъектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. ASHYQ жобасына қосылған бизнес субъектілерінің саны – 676. Берілген өтініштер – 1182. Бүгінге дейін 139 «сары», 56 «қызыл» статус анықталған.

Сондай-ақ жиында мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, тиісті салаларда жұмысқа рұқсат беруді шектеу бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту, халықты вакцинациялаумен неғұрлым кеңінен қамту үшін мотивациялық факторды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жуырда өткен үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин вакцинаның І компонентін 3,3 миллионға жуық, ал, ІІ компонентін шамамен 2 миллион адам салдырғанын мәлім етті.  Үкімет жетекшісі әкімдерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды. Осы тапсырманың негізінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сала мамандары мен аудан әкімдеріне тұрғындардың вакцинаға деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

  • Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды. Екпе егу қарқынын бәсеңдетпей, түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Созылмалы ауруы бар азаматтар мен мәдениет, өндіріс, қызмет көрсету, білім және студенттер мен құрылысшыларды вакцинациялау қажет, – деді қала басшысы.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдеріне пандемия кезінде кәсіпкерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Ашық» жобасына көшуді ұйымдастырып, эпидемиологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек екенін айтты.

Сонымен бірге Мұрат Әйтенов қаладағы эпидахуалдың нашарлауына байланысты «Жедел медициналық жәрдем көрсету» стансасының 112 Call-орталығының жұмысымен танысты. Қазір Call-орталыққа бір тәулік ішінде 2100 шақырту түсуде. Мұнда тәулік бойы 30  диспетчер қызмет етеді.

Орталық жұмысының дайындығын пысықтау барысында қала басшысы науқастарды жедел қабылдау және емдік шараларды тез арада жүргізу процесін оңтайландыруды тапсырып, қателікке жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар пандемияға байланысты құрылған штабтың жұмысын күшейтуді тапсырды.

Мұндағы ерекшелік – орталық келіп түскен қоңырауларды басқаруда PRI арнасындағы үздіксіз режимдегі байланыс желісі және спутниктен бақыланатын жүйе мен мобайл интернет пайдаланылады. Операторлар небәрі 10 секунд ішінде бригадаға шақырту туралы хабар жібереді. Мұнымен қатар, осынау ақпарат жүйесі арқылы Шымкент қаласы картасынан мекенжайларды іздеп, көлік қозғалысын қадағалап, жылдамдығын, күту уақытын және тағы басқа операцияларын автоматты түрде бақылай алады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15