Шымкенттің бесжылдық даму жоспары бекітілді

М.СӘУЛЕБЕК

16.07.2021, 13:31

981

Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік. Бүгінде бұл екеуі Шымкент экономикасының негізі саналады. Қайбір жылдары мегаполисте өнеркәсіптік, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалды аймақтар құрылған болатын. Сол аймақтар күткен үмітті ақтай алды ма?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша биылғы алғашқы жартыжылдықта  атқарылған жұмыстарды баяндады. Бейнебайланыс режимінде өткен жиында үшінші мегаполистің басшысы биыл экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге қол жеткізілгенін мәлім етті.

— Қаланың базалық секторларында өсім динамикасы бар. Бұл халықтың әл-ауқат жағдайына оң ықпалын тигізеді. Қаланың бесжылдық даму жоспары бекітіліп, негізгі басымдықтары айқындалды. Бірінші басымдық – кәсіпкерлік және өнеркәсіпті қолдау, – деді М.Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, қаладағы үш өндірістік аймақтағы 110 кәсіпорында 7690 жұмыс орны ашылған. Биыл 1,8 миллиард теңгені құрайтын төрт жобаның аясында   274 жұмыс орны ашылды. Ал жыл соңына дейін 13 жоба іске қосылады. Ал бұл дегеніңіз – 754 жұмыс орны. Бүгінгі таңда өндірістік аймақтар 100 пайызға толған.

Осыған байланысты мегаполисте тағы төрт аймақ ашу жоспарлануда.  Оның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір аймақтың инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 миллиард теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорын ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 100 миллиард теңгеге 25 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес, биыл 10 жобаның құрылысы басталады.

Екіншісі – ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда құны 23 миллиард теңгені құрайтын 1810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Үшіншісі – 136 гектардағы заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері аймағы. Мұнда 30 миллиард теңгеге  2000 жұмыс орнымен 20 жобаны іске қосу жоспарланған.

Бүгінде атқарушы органдардың мойнында шағын және орта бизнестің, жалпы, өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейту міндеті тұр.  Мұрат Әйтенов осы мақсатта Шымкент қаласында төртінші – «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатынын мәлім етті.

– Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 миллиард теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылады, – деп атап өтті қала әкімі.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, сондай-ақ жуырда бірқатар индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсіміне қатысты. Ол шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға қосып отырған үлестері үшін кәсіпкерлерге ризашылығын білдіре отырып, жаңа кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына табыстар тіледі. Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде алты  жоба индустриалды өндіріс орындары болып табылады. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары іске асты.

Ауыл шаруашылығы саласында бес жоба жұмысын бастады. Аграрлық салада жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал  шаруашылығы жобалары жүзеге асты.

 Қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады. Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды. Өткен жылдың қорытындысымен қаланың өнеркәсіп саласында 654,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. 

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасына 2,5 триллион теңгенің инвестициясы тартылса, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.11.2021, 11:42
Елордалық дәрігерлер Түркістанға келді

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30