Шымкенттің лифтері жаңартылуда

Сайт әкімшілігі

06.10.2020, 09:41

229

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.

Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын «Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуін «DOSTAR лифт» ЖШС-і жаңартады.

Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32