Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді

Сайт әкімшілігі

21.05.2022, 18:29

1241

Өрт 2022 жылдың 21 мамыр күні Еңбекші ауданы, Ғани Иляев көшесі, 142 мекенжайында орын алған. Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында шыққан өртке байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Есенгелдіұлы шұғыл брифинг берді.

– Жарылыс салдарынан «Меж больничная 138 дәріхана» ЖШС-не тиесілі 2 қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр. Қабырғалары кірпіштен қаланып, төбесі ағаш жәшікке салынған. Сағат 12:06-да өрт ауыздықталды. Өрт аумағы шамамен 55 шаршы метрді құрады, — деді полковник. 

Спикердің сөзінше жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алған. Сондай-ақ, жақын маңдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің балконы мен терезелері және сол аумақтағы 7 жеңіл автокөлік зақымдалған.

Баспасөз жиынында спикер ТЖ жоюға ТЖД 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылғанын және жарылыстың себебі әлі анықталып, төтенше жағдайды жою жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, өрттің шыққаны туралы 21 мамыр күні сағат 11:36-да «101» пультіне хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер  оқиға орнында ер адамның мәйітін тапқан. Оның жеке басы анықталуда.

Жарылыс перзентханаға жақын орналасқан ғимаратта болған. Жарлыстың салдарынан перзентханадағы жүкті әйелдер басқа емдеу мекемелеріне көшірілген. 

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33