Шыны зауыты: үміт пен күдік

Миуа БАЙНАЗАРОВА

13.08.2021, 16:16

2175

2015 жылдың көктемінде Сыр еліндегі серпінді жобалардың бірегейі саналатын шыны зауытының құрылысы басталған  еді. Сол кездегі жоспарға сәйкес, аталмыш алпауыт зауыт құрылысы 2017 жылға қарай толық аяқталып, ЭКСПО көрмесіне арнайы шыны өнімдерін шығаруды көздеген болатын. Бірақ… Содан бері бес жылға таяу уақыт өтсе де, әлі күнге құрылысы созбалаңға салынған сақалды зауыттың қашан іске қосылатынын дөп басып айту кімге  болса да, қиын болып тұр.

        Бұл зауыт құрылысы жайында баспасөз беттерінде аз жазылып жатқан жоқ. Үмітінен күдігі басым бола түскен бұл жобаны «әне-міне аяқталады» деумен күн артынан күн, ай артынан ай сырғып өтуде. Негізсіз ақпарат беруден тиісті құрылыс мекемесі де шаршаған емес. Жыл сайын зауыттың ашылуын сөз күйінде ғана тамашалап, құр қиялға беріліп жүрген қызылордалықтардың үміті үзіле  бастады десек те  болады. Әу бастан-ақ атышулы құрылысқа айналған шыны зауытының бастамасы жемқорлықпен басталғанынан қалың қауым хабардар болар. Бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен бірнеше атқамінерге айып тағылып, қамауға алынғаны белгілі. Дегенмен алпауыт жоба тоқтап  қалмай, құрылысы  жалғасып  келеді.

         Сәт сайын құрылыс басына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға бақылау жүргізетін жергілікті биліктің атқарылған істің нәтижесіне берер бағасы да әр кезде әрқилы. Әрбір бақылау кезінде құрылыс жұмыстарының толық аяқталып, пайдалануға берілетін күні де өзгеріп отырады. Нақты бір шешім әлі күнге айтылған емес. Жалпы қаржысы 52 млрд теңгені құрайтын өндіріс орнының жылдық өнімінің қуаты – 197,1 тонна. Бұл зауыт еліміз ғана емес, Азия мемлекеттері арасындағы бірегей жоба саналады. Құрылыс жұмыстарына 11 мердігер компания атсалысуда екен. Онда барлығы 219 жұмысшы жұмылдырылуда. Зауыт өз қуатында толыққанды жұмыс жасаған күнде 160 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады деп күтіліп отыр.

           Құрылыстың бас мердігері ретінде «Чайна Триумф Интернешнл Инжиниринг» қытайлық трансұлттық компаниясы тартылған. Әлемдік тәжірибесі мол бұл мердігер компанияның зауытты өз деңгейінде салып шығуына сенім зор. Тек алдыңғыдай бөлінген қаржы ұстағанның қолында кетпесе болғаны. Өндіріс орны АҚШ, Қытай, Италия, Финляндия сынды елдердің заманауи құрылғыларымен жабдықталған соңғы үлгідегі бірегей зауыт болады деп күтілуде. Бүгінде тиісті жабдықтардың алды жеткізіліп құрастырылуда екен. Құрылысқа қажетті заттардың 97 пайызы Еуропа мен АҚШ-тан алынған. Бұған қоса, зауытқа қажетті қоспалар жергілікті жерден өндіріп алынуда. Зауыт толыққанды іске қосылса өндірілген өнімнің 50 пайызы шетелге экспортталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар зауытқа техникалық білімі жоғары және ағылшын тілін жетік білетін мамандар жұмысқа қабылданады деп күтілген. Осындай 160 маман іріктеліп, келер жылы Қытайдағы «Чайна Триумф» зауыттарына біліктіліктерін арттыруға жіберу көзделуде. Мердігер мекеме басшылығы бізге осыны мәлімдеді.

        Әлі күнге созбалаңға салынып келе жатқан өндіріс орнының болашағынан өңір халқы зор үміт күтіп отыр. Зауыт толыққанды іске қосылса,  іздеген талай жанға жұмыс орны болар еді.  Бірақ  зауыт қашан   іске  қосылады – мәселенің үлкені  сол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08