Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы алдыңғы қатарда

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

01.12.2022, 14:28

1066

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңіріндегі облыстар әлеуметтік-экономикалықтұрғыдандамып, тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, халықтыңтабысын өсіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға барынша тырысуда. Соның ішінде Қызылорда облысы да өзінің жыл сайынғы жақсарып келе жатқаны көрсеткіштерімен белсенді дамып келе жатқан аймақтарымыздың алдыңғы қатарында тұр.

Осы уақытқа дейін күріш егумен ғана көзге түскен өңір соңғы жылдары балық шаруашылығын да жолға қоюда. Мәселен, бүгінгі күні облыс көлемінде 2030 жылға дейінгі өңірлік даму бағдарламасы жүзеге асуда. Осы бағдарлама аясында балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізіп, алдағы уақытта оның көлемін 100 есеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сәйкесінше, балық өнімдерінің экспорты да 2 есе өсіп, 8,5 мың тоннаға дейін жетеді деп күтілуде. Бүгінгі күні Қызылорда облысының балығына сұраныс та жоғары болып отыр.

Өңірдің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуда кәсіпкерліктің дамуы да оң әсер етеді. Осы орайда Қызылорда облысында шағын орта бизнесті дамыту мақсатында өңірдің 2023 жылға дейінгі экономикалық даму картасы жұмыс істеуде. Осы экономикалық даму картасының арқасында қазірге дейін жалпы құны 1,5 мың жұмыс орнына арналған 163 жоба іске асуда. Құны 9,5 миллиард теңгелік жоба өңірдің экономикалық дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде. Өткен жылы 74 жоба жүзеге асып, сол жобаларда 426 адам жұмысқа орналасқан. Өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы жұмыссыздық мәселесін шешуге де ықпал етуде.

Бір қуанарлық жайт, Қызылорда облысында бизнеске несие беру көлемі де артқан. Мысалы, 2021 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 30 миллиард теңгеге 2605 жоба қаржыландырылса, 2020 жылы 23,4 миллиард теңгеге 1 659 жоба қаржыландырылған көрінеді. Бұл өңір халқының еңсесін тіктеп, әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ықпал етерлік көрсеткіш.

Халықтың тұрмыс-тіршілігінде жолдардың да үлесі зор. Кейінгі жылдары еліміз бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шаралары қарқын алған. Осы орайда соңғы жылдары мемлекеттің жол салу ісіне аса көңіл бөліп отырғанын ескеріп, Қызылорда облысы жолдарының жай күйіне де тоқтала кетсек, өткен жылы облыста жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-ке дейін жеткен. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында да «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып тұр. Қалада халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасау да ұмыт қалмаған. Мәселен, былтыр балалар және баскетбол алаңдарын жөндеу, арық жүйесін қалпына келтіру бойынша 2 жоба іске асып мақұлданған. Бюджет үшін 19,7 миллион теңгеге түскен жоба бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып отыр. Биыл балалар жылына орай Сыр өңірінің балаларына да жағдай жасауға көңіл бөлініп отырғанын атап өту керек. Мәселен, 2021-2022 оқу жылында аймақта 748 орындық үш мектеп пайдалануға берілген. Атап айтар болсақ 300 орындық мектеп Арал ауданы Сексеуіл кентінде салынды және 348 балаға арналған білім ордасы Қызылорданың Саяхат ауданында ашылған. Тағы 100 балаға арналған мектеп облыс орталығының Шұғыла ауданында ашылған. Бүгінде кең әрі заманауи мектепте білім алып жатқан балалар жаңа мектептің дер кезінде ашылғанына риза. Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі де назардан тыс қалмай инклюзивті білім беру бағытында 47 мектепке дейінгі ұйымда 27 мектепте инклюзив кабинеттері ашылған. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірдің барлық мектептерінде бейнебақылау камералары орнатылған.

Қызылорда өңірінде жастардың дамуы үшін де көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Әсіресе жастардың бизнеске бетбұрысы жақсарғаны байқалады. Өз кезегінде мұны бағалаған жергілікті атқарушы билік өкілдері олардың жобаларын қаржыландыруға барынша көңіл бөліп келеді. Алдағы жылы бұл көрсеткіш тіпті жақсара түсеріне үміт мол!

Халықтың денсулығы мен салауатты өмір салтын сақтауға да көңіл бөлінген. Мәселен, осы аймақта бұқаралық спортты дамыту мақсатында 7 спорт кешені пайдалануға берілсе, 6 спорт кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл жастардың спортпен айналысуына да оң ықпал етері анық. Жалпы жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқан өңірдің болашағынан күтер үміт зор!

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ 07:32
Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16