Сыр суының тағдыры – Сыр елінің тағдыры

Миуа БАЙНАЗАРОВА

03.06.2021, 10:26

5161

    Соңғы жылдары Сырдарияның төменгі ағысында вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Бүгінде күрделі  бола түсуде. Сырдария өзенінің ағысын реттейтін  Нарын – Сырдария суқоймаларындағы су көлемі өткен  жылдан  2  млрд  текше метрге  кем болып отыр. Сондай-ақ  Шардара суқоймасына түсіп жатқан судың  көлемі  де өткен жылдан төмен болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен облысқа 5,4 млрд текше метр су керек болады. Оның ішінде ауылшаруашылық дақылдарын тұрақты суғаруға 4,2 млрд текше метр су көлемі белгіленгенімен,  су  тапшылығы болмауына байланысты Арал – Сырдария бассейндік инспекциясымен 2021 жылға су көлемі  508,9 млн текше метрге қысқартылған. Оның көлемі ауылшаруашылық дақылдарын тұрақты суаруға  3,7 млрд  текше метр болып қайта белгіленді. 2021 жылы облыс бойынша 188,2 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдарын егу жоспарланса, күріш егісінің көлемі өткен жылдан 5,1 мың гектарға қысқартылып, 84,4 мың гектар болды. Ал аудан әкімдерімен шаруашылық  каналдарды кезектестіріп су  беру кестесін әзірлеген  шаруашылық құрылымдары көп жұмыс жасауда. Соның ішінде ішкі каналдар мен қашыртқы жүйелерін  тазартуына  бақылау жасап, су беру маусымы  кезеңіңде суды үнемді пайдалану мақсатында қашыртқыларға артық су ағызбауды қадағалап отыр. Елді мекендерде аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында 45 шақырым болатын сегіз каналға су шаруашылығы бөлініп, жұмыстар да атқарылуда. Соның ішінде облыстық бюджеттен елді мекендерге 43 насос қондырғылар сатып алу белгіленіп, бүгінге дейін сегізі жеткізілген.

    Экология, геология және табиғи ресурстар  вице-министрі Серік  Салауатұлы мен су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Жанұзақұлы  көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтау үшін екі рет келіп бақылаған болатын. Осыдан-ақ вице-министрдің аудандар проблемасына аса назар аудара қоймағанын байқауға болады.

   Тағы бір айта кететін мәселе – Сырдария ауданында  «Әйтектегі» жөндеуге байланысты суды ескі арнамен жіберуде Қармақшыдағы Алдашбай ахун елді мекеніндегі 250 гектар күріш алқабына  су жіберу  қиындығы  туып тұр. Сол себепті аудандардағы  ескірген қашыртқыларды жөндеу күн тәртібінде тұр. Арал ауданы үшін Қамбашқа  су  жеткізу  проблемасы өзекті мәселеге айналуда. «Проблема көп, бірақ оны шешетін министр де, әкім де болмай тұр. Егін егілгенімен, су жоқ, барлық егін күйіп жатыр. Ал бұл мәселеге министр де, вице-министр де келіп кеткенімен, бірақ шешіліп жатқан мәселе жоқ. Тек халықты алдап, сөзбен алдаусыратумен шектеліп отыр. Су мәселесіне де алаңдап, шешімін тауып отырған ешкім жоқ. Тек елдің проблемасын елде еңбек етіп жүрген шаруалардан артық ешкім шеше алмайды.

   Қызылорда облысының әкімі  Гүлшара Әбдіқалықованың да егін  шаруашылығы, мал шаруашылығы, басқа да проблеманы шешу қолынан келмейді. Өйткені шаруашылықтардан мүлде хабары жоқ. Сонда деймін-ау, Сыр елінің тағдыры кімнің қолында тұр? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғандай, ауыл шаруашылығы  саласының мүмкіндіктерін кеңейту, импорттық  тауарларды  азайту, көкөніс және бақша дақылдарын  ғылымға негіздеу арқылы өнімділікті  арттыруды қолға алу керек. Ең бастысы, суды үнемдейтін жүйені жаңғырту маңызды. Яғни суды тамшылатып, шашыратып, жерасты суару тәсілі арқылы үнемдеуге аса мән берілуі тиіс.

Тегтер: су басу оқиға мәселе әкім жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48