Сырдария суының сапасы талапқа сәйкес пе?

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

04.02.2021, 11:49

1014

Қызылордалықтар маңдайға біткен жалғыз Сырдариядан тікелей су іше алмайды. Өйткені қауіпті. Қала суын тағы құбырдан сіміре алмайды. Өйткені  күмәнді. Тұрғындар құбырдан аққан ауызсудың кермектігіне, түсі мен дәміне жиі шағымданып жатады, себебі лайланып тұрады.

Бүгінде Сырдария өзенінде мұздың қалыңдығы әзірге 50 см құрап тұр. Ал Шардара Сырдарияға секундына 550 текше метр су жіберуде. Енді су мамандары Сырдария суының сапасын қатаң тексеретін болады. Өйткені қанша жерден қала халқы таза ауызсуға қол жеткізді дегенмен, жерасты суы дария суымен араласып кеткенін көзіқарақты тұрғындардың өздері-ақ үйден ағып тұрған судың лайланып тұратынын әлеуметтік желілерге жариялауды әдетке айналдырған. 

Сонымен, Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау кешенді зертханасы айына бір рет Сырдарияның жоғары, ортаңғы және төменгі ағысынан жеті сынама алып, сапасын толыққанды тексеретін болады. Олар сынама құрамындағы кальцийді, экстремалды жоғары ластану немесе атмосфералық ауадағы жоғары ластануын анықтайды.

Бекітілген стандартқа сәйкес, ауызсу сапасы зертханада күнделікті талданады. Жеті аумақтан алынған сынаманың иісі, дәмі, түсі, температурасы, концентратты белсенділігі, бактериологиялық және микробтық көрсеткіштері жіті тексеріледі. Мәселен, судың кермектілік санэпид нормасы бойынша 7 мгр эквивалент\литр болуы тиіс. «Бірақ су құрамында сульфат, магний иондары шамадан тыс емес» дейді мамандар. Дария суында бұл элементтер мол болатынын мойындайды.

– Талдауларды 30 компонент бойынша жасаймыз, былтыр судың сапасы мониторинг бойынша орташа болып келді. Экстремалды жоғары ластану мен атмосфералық ауадағы жоғары ластану байқалған жоқ. Тәжірибемізде ондай жағдайлар 2017-18 жылдары болды. Жақын арада ондай деректер байқалған жоқ. Анықталған жағдайда жоспар бойынша құзырлы органдарға дабыл қағамыз. Бізде оттегіден болды, оттегі аздығынан төменгі көрсеткішті көрсетті, – дейді зертхана басшысы Гүлшат Амиралиева. 

Егер де қандай да бір шектен тыс сынамада өзгерістер болып жатса, яғни судың құрамындағы кальций, магний, сульфат пен темір шектен тыс мөлшерде анықталса, тіршілік нәрінің кермектілігі мен жұмсақтығы өзгереді. Ал оттегі жетіспесе балықтарға қауіпті. Жуырда ғана «Қазгидрометтің» Қызылорда облыстық филиалы Талдыкөл су айдынында балықтардың қырылуына байланысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Себебі бұған дейін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы көлдегі балықтардың жаппай өліп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Су сапасының сараптамасы 30 физикалық, химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіліп, балықтың қырылуына оттегінің жетіспеушілігі себеп болғанын анықтаған.

– 7 қаңтар күні инспекциядан хабарлама келді, біз арнайы бекітілген комиссия құрамына кіреміз. Қызметкерлеріміз барып, анализ жасады. Бұл жерде балықтардың қырылу себептері оттегі жетіспеуінен болды, басқа көрсеткіштері жоқ. Әр тоқсан сайын біздің лабораториямыз жоспарлы түрде Жаңақорған, Арал аралығын аралап, анализдер жасап тұрады, – дейді «Қазгидромет» РМК облыс бойынша филиалының директоры Жұлдыз Қалымбетова.

Тағы бір дерек, «Қазгидрометтің» өткен жылы жүргізген зерттеулеріне сәйкес, қала мен облыс атмосферасының ластану деңгейі төмен көрсеткішке ие болыпты. Биыл енді Арал, Әйтеке би, Шиелі аудандарында ауаның тазалығын анықтайтын шағын автоматтар орнатылмақ.

Мамандардың зерттеуіне сәйкес, Сырдариядағы қазіргі оттегі көлік күші 6,1 миллиграм дм кубты құрап отыр. Ал мұздың қалыңдығы – 55 см. Соңғы зерттеулер нәтижесіне сәйкес, мұз астындағы судың ағысы секундына 0,87 метр жылдамдықпен ағып жатыр. Ал судың деңгейі 521 см құраған.

Тегтер: ауыз-су шаруашылық бақылау қадағалау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 22.09.2021, 17:15
Оралдық Қайрат бағбан Қазақстанды таңғалдырмақ
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 09:47
Жол сапасы неге шытынайды?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.09.2021, 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 21.09.2021, 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 21.09.2021, 08:30
Қарағандыда үлескерлер пәтерлерін ала алмай жүр

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39