Таразда 3 әлеуметтік павильон ашылды

Сайт әкімшілігі

16.12.2020, 18:27

284

Тараз қаласында жыл соңына дейін 11 әлеуметтік павильон ашылады.

Оның үшеуі Тәуелсіздік күні тұтынушыларға есігін айқара ашты.

Жалпы, облыс орталығында мұндай 6 әлеуметтік павильон бар болатын. Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл соңына дейін олардың саны 17-ге жетпек.

Мереке күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа ашылған павильондарға арнайы бас сұғып, танысты.

Коммуналдық дүкендерге 16 өндірушінің өнімдері жеткізіліпті. Мұндағы бағалар нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен. Мәселен, тұрақтандыру қорының павильонындағы бірінші сұрыпты ұнның келісін 143 теңгеден, қант құмын — 190, картопты — 95, өсімдік майының литрі — 420, бір бөлке нанды — 55 теңгеге сатып алуға болады.

— Біз мүмкіндігінше жергілікті шаруа қожалықтарын көптеп тартып, жеткізілім желісіндегі қажет емес буындарды, яғни делдалдарды алып тастауымыз керек. Бағаны тұрақтандырудын негізгі әдісі – осы. Дүкендер барлық тұрғындарға, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдарға қол жетімді болу үшін қаланың барлық бөлігінде орналасуы тиіс, — деп облыс әкімі «Тараз-ӘКК» ҰК» АҚ мен ауылшаруашылық басқармасына тиісті тапсырма жүктеді деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың шағымдары туындамас үшін, әр дүкенде тауарлардың бағасы мен жауапты мамандардың нөмірлері жазылған стендтер орнатылған.

— Көп нәрсе сатушыларға байланысты. Олар мәдениетті болып, әр тұтынушыға көмектесуі керек. Тұрғындар коммуналдық дүкендердің барлық артықшылықтары туралы білуі тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы тауарлардың бағасын тексеріп, сатушыларды және алушыларды әңгімеге тартты. Тұрғындар бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар үшін облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.

— Тиімді бағада азық-түлік сатып алғаныма қуаныштымын. Енді мерекелік дастарханды әзірлеу үшін үйге асығудамын, — дейді көпбалалы ана Айнагүл Еспенбетова.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі осынау игі іс аудандарда да қолға алынып жатқанын, өз кезегіндегі өңірдегі 10 ауданда қосымша 10 әлеуметтік павильон ашылатынын хабарлады. Әкімдік қызметкерлері бұл бастама бұйырса келер жылы да жалғасын тауып, Әулиеатада әлеуметтік павильондар саны көбейе түсетінін айтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58