Таразда кезекте тұрған 80 мұқтаж отбасы үйлі болды

Нұрболат ӘЛДИБЕК

30.11.2020, 16:33

643

Қазіргі таңда еліміздің қай өңірінде болмасын тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, мұқтаж жандарды баспанамен қамту ең өзекті мәселелердің бірі екені түсінікті. Бұл ретте Тараз қаласында күні кешегі мәлімет бойынша 1300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар болса,  Тұңғыш Президент күні қарсаңында оның қатары тағы біреуге артты.

Осылайша жаңа 15-ші ықшам ауданнан кезекте тұрған тараздық 80 мұқтаж отбасыға жаңа пәтердің кілттері табысталып, көптен күткен өз шаңырақтарына қол жеткізген бақытты отбасылардың жүздерінде күлкі ойнап, шат-шадыман күй-кешті.

Бұл тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынғанын айта кетейік. Пәтерге ие болғандардың дені халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, оның ішінде балалар үйінің түлектері, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен бюджеттік қызметкерлер де бар екен.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды қуаныштарымен құттықтау сөзінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін баспанамен қамту, оларға көмек қолын созу жалғасатынын жеткізді.

— Баспана мәселесі – әр адам үшін маңызды. Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары іске асырылуда. Қазіргі таңда 32 мыңға жуық тараздық тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл мыңға жуық пәтер, сондай — ақ аз қамтылған отбасылар үшін 180 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді,- деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алған тараздық тұрғын Назира Әбдірайым жалғыз басты ана ретінде ұзақ жылдан бері пәтер кезегінде тұрған екен. Ал бүгін Ол үшін нағыз қуанышты күн деуге болады.

— Шынымды айтсам, жақын күндері пәтер кілтін аламын деп күтпеген едім. Міне, енді менің де өз баспанам бар. Қуанышымды қалай жеткізерімді де білмей тұрмын. Бұл үшін атсалысқандардың барлығына рақмет, — деп әсерімен бөлісті Назира Әбдірайым.

Осылайша жаңадан пайдалануға берілген бес қабатты тұрғын үйде барлық инженерлік коммуникациялар жүргізілген. Айта өтерлігі, жаңа 15-ші шағын ауданда бұдан бөлек те тұрғын үй көптеп салынуда. Қазір облыста 65 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқан болса, оның 5-ден астамы Таразда бой көтеруде. Биыл барлығы 3146 пәтерлі 57 үй пайдалануға берілмекші. Оның 41-і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтеруде. Жыл қорытындысында жалпы аумағы 615 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланыпты.

Тегтер: баспана мәселе проблема әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25