Тендербектер тіміскі тірлігін тоқтатар емес

Сайт әкімшілігі

01.10.2020, 04:11

2653

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан жақтан жеткен бір қызықты видеодерек тарады.

Оған сенсек, мемлекеттік сатып алулар сайтында Өскемен қаласындағы кварталішілік электр желілері құрылысы бойынша өте күмәнді тендер пайда болған. Тендердің құны анау-мынау емес, 1 миллиард 438 миллион теңге!

Артынан, одан да күмәнді құбылыстар орын алады: тендерге қатысқан жеті компанияның бесеуі бір тиынына дейін бірдей баға ұсынған – 1 миллиард 294 миллион 882 мың 097 теңге 92 тиын!

 Бұл қалай десеңізші?! Бөлек-бөлек бес фирма, бір тиынына дейін, бірдей соманы көрсетеді! Бір былық бар екені анық мұнда. Әлгі жеті компанияның бесеуі өзара астыртын келісіп, Өскемендегі электр желілері құрылысына берілетін майлы бюджетке қалай да қол жеткізуді мақсат тұтқан деген мықты күдік бар. Тендер өткізілмеді деп танылыпты.

 Енді сол тендерді бір көзден сатып алу арқылы жүргізе салып, бәз-біреулер майшелпекке кенелейін деп, алақандарын ысқылап, отырған сыңайлы...

<hr />
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?
Мамыр ТӘУКЕЕВ 08:54
Балқаш: Ем қайда, су қайда?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.04.2021, 17:01
Қарағанды облысында карантин талабы күшейтілді
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 14:14
Алматыэпидемиологиялық жағдайы айтылды
Сайт әкімшілігі 10.04.2021, 14:56
1 гектардан 8 миллион теңге табыс табуға болады
Сайт әкімшілігі 10.04.2021, 14:54
Түркістанда халықаралық ұйымның декларациясы қабылданды

Аңдатпа


  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16