"Тоқтаусыз даму- емдеу нәтижесін ілгерлетеді"

Қарағанды облысының денсаулық саласының

қарқыны қалай?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

01.11.2021, 09:38

345

2020 жылы корновирус кеселі келгелі өндірісті өлкенің денсаулық сақтау саласы жоспарлы бағыты мен қаржылық мүмкіндігінің тең жартысын  қауіпті індетпен күреске жұмылдырды. Екі жылдан бері емдеу мекемелері жұқпалы кеселге шалдыққан тұрғындарды диагностикалау мен емдеуге дағдыланған.

Қысқа уақыт аралығында облыста короновируспен күрестің кластерлік жүйесі қалыптасты. Заманауи жабдықтардың көмегімен сырқаттың  деңгейі анықталып, кейбір  салалас  стационарлық қызметтер біріктірілді.

-Бүгінде аймақтағы короновирусты емдейтін госпитальдерде 5679 жатын және 434 жан сақтау орыны жасақталды. Онда өкпені жасанды желдететін  364 аппарат пен екі сырқатқа  бір мезетте жеткілікті мөлшерде  оттегі концентрациясын жеткізетін құрылғы орнатылды. Сондай-ақ, өңірдегі 26 госпитальда орталықтандырылған жүйе арқылы медициналық газбен қамтитын 1160 нүкте жұмыс істеп тұр. Мұның сыртында, компьютерлік томографиямен жабдықталған  26 бөлме пайдалануға енді. Науқастардан жедел  сынама алатын 10 зертхана ашылды. Онда күніне 156 мың тест сынақтары тексеріледі. Биыл да, жұқпалы ауруға шалдыққандарды емдеу ісі осы қарқыннан таймақ емес,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Гамал Тоқсамбаев.

Облыста  халықты жаппай иммундау науқаны жүйелі жүргізіп келеді. Тәжіребиелі  дәрігер  тұрғындарға жұқпалы аурудың салдары жайлы түсіндірме жұмысын өткізуде. Аймақта вакцинадан тапшылық көріп отырған өңірлер жоқ. Екпе қоры жеткілікті мөлшерде. Дәрілік сұйықтықты  талапқа сай жеткізу, сақтау қатаң бақылауға алынған. Денсаулық сақтау басқармасы мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылары өңірге әкелінген «Пфайзер-Бионтик» Pfizer-Bion Tech вакцинасын аталмыш өндірістегі жоғары технологиялы мұздатқышта сақтау жөнінде келісімге отырған.  Осы уағдаластыққа сәйкес, «Арселор Миттал» компаниясы өңірдегі медициналық мекемелерге 97 камераны сыйға тартты. Мұздатқыштарда-86 градуста Pfizer вакцинасын жарты жыл сақтауға болады.

Гамал Сайлауұлының мәлімдеуінше, Қарағандыда республикалық «Жол картасы 2021» мемлекеттік бағдарламасын үйлестіруде оң жолға қойылған.

-Келесі жылы облыстағы онкологиялық диспансердің ота жасау және жан сақтау бөлігіндегі құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл кезекте тұрған науқастар үшін көптен күткен жаңалық болмақ.  Маңызды блок ашылғанда, ота жасау қарқыны артып, жылына 20 мың сырқатқа қызмет көрсететін болады. Кешенің жобаның қуаты 200 жатын орынға арналған. Қазіргі кезде Майқұдық шағын ауданында жедел жәрдем станциясының ғимараты салыну үстінде. Жыл аяғында кең ғимаратқа көшетін   ақ желең иелері  жылына 25-50 мың шақыртуға бармақ. Мекеменің штаттық бірлігі мен жұмыс ауқымы бірнеше есеге көтеріледі. Октябрь ауданы аумағына енетін Сұрыптау станциясындағы жедел жәрдем кешені де жаңадан тұрғызылып жатыр.  Ол келесі жылдың қаңтар айынан бастап кемі 10, жұмыс жүктемесі артқанда 25 мың науқасқа көмек көрсетеді. Жерлестеріміз келесі жылы тағы бір ауқымды жобаның игілігін көрмек. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында позитронды-эмиссиялық компьютерлік томография орнатылатын  ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Мұның мүмкіндігі үлкен. Жылына 4338 адам осы араға келіп, тексерістен өтеді. Аймақтың барлық өңіріндегі науқастарға тәулік бойы шұғыл көмек көрсететін  Мақажанов атындағы көп бейінді аурухананың қабылдау-диагностикалау бөлімшесінің сыйымдылығы тарлық туғызып келгені жұртқа  мәлім. Алдағы 2022 жылы бұл қиындық біржола  шешімін табатын болды.  Жаңартылып жатқан аурухана  тағы 330 жатын орынға кеңейтіледі,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Денсаулық сақтау саласындағы ілгерлеушіліктер қалалық жерде жүріп жатқан жоқ. Ауылдағы мекемелер де түлеуде. Көптен күткен жаңалықтың бірі-Нұра ауданына да жетті. Осындағы Кертінді ауылында  биылғы жылдың аяғында  жаңа фельдшерлік -акушерлік пункт ашылады. «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын дамытудың 2023-жылға дейінгі» жоспарына сәйкес, әр елді мекенде  осындай 23  фельдшерлік пункттің құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, жұқпалы және салалық ауруханаларды жөндеу, салу қатар жүруде. Облыстан шалғайда орналасқан Ұлытауда  аудандық  орталықтандырылған аурухана тұрғызылып жатыр. Бұдан шығатын қорытынды,  мемлекет халық саулығы жолында қаржатты аянбай бөліп жатыр. Бірақ, заманауи технологиялар білікті дәрігердің орынын толтырмайтыны анық. 

Пандемиядан бұрын «Денсаулық-зор байлық» деген қағида жалаң сөзге айналып келгені жасырын емес. Қан қақсатқан короновирус келгелі мұқым ұлттың тағдыры дәрігерлердің қолында екеніне көз жеткіздік.  Аймақ дәрігерлері одақ тұсында абыройдан кенде болмаған. Білікті кадрларды даярлау ісі облыстың алдыңғы қатарлы клиникаларында жүйелі жұмыс істеуін тоқтатқан емес. Биыл Қарағандыдағы кәсіби дәрігерлер 597 жас кадрды науқастарды қабылдауға даярлап шығарған. Олардың 30 пайызы резидентурада білім  алуда. Университетті бітергендері жер-жерлердегі  емханалар мен ауруханаларда қызмет етуде. Ілгеріде қиындық тудырып келген түйкілдің бірі, жас мамандарды жергілікті жерде тұрақтанудыру шешімін тапты. Осы орайда, дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы екі жылдан бері жандана бастады. Ол бойынша, 2023 жылға дейін өңірдегі  334 жас дәрігерге пәтер берілмек. Тағы 276 қызметкерлерге тұрмыстық техникамен және жиhазбен жабдықталған пәтер сыйлау жоспары бар. Отандық медицина саласын ақпараттандыру жүйесіне көшіру кеншілер өңірінде алға басқан. Науқастар жайында мәліметтер орталықтандырған жүйеге қосылған, дәрігерлердің онлайн-консилиум жиналыстары қашықтан өткізіліп келеді. Ал, қолданысқа енген «Даму Мед» мобильді қосымшасы бүгінде барлық емделушілерге қол жетімді дәрежеге жеткен. Оның тиімділігі жайында:

-Бұл қосымша бүгінде жеке тұлғаларға зор пайда тигізіп отыр. Жаңа цифрлық жүйе емделушінің уақытын үнемдеп қана қоймай, сапалы медициналық қызмет түрін алуға жәрдемдеседі,-дейді Қарағанды қалалық №3 емхананың емделушісі-Темірбек Төлеуов. 

Бүгінде адамзат баласын бір қалыпқа сыйғызған денсаулық сақтау саласы бірінші байлыққа басым мән беру керектігін ағартып берді. Ендеше, күн тәртібі нұсқаған талаптан қалыс қалмау- адам жанының арашашыларына сын болмақ. Десе де, өндірісті өлке бірінші саланы дамытуды тоқтатпақ емес. Бұл облыс және сала басшыларының халық алдында берген уәдесі.

 

Тегтер: денсаулық медицина қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30