Түріктер Мақтааралда тоқыма зауытын салмақ

Сайт әкімшілігі

22.05.2021, 19:41

998

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында түркиялық инвесторлармен бірлесіп мақта майын шығаратын зауыт салынып жатыр. Жобаның құны 2,152 миллиард теңгені құрайды. Зауыт келесі  жылы пайдалануға берілмек. 

Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Көкарал ауылында іске асып жатқан инвестициялық жоба жылына 2,9 мың тонна май, 14 мың тонна шрот шығару қуаттылығына ие. Жалпы 48 адамды жұмыспен қамтуды көздейді.

Аудан әкімі Бақыт Асанов кәсіпорын құрылып жатқан жерге арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда нысанның ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінен бірнеше тоннаға жететін құрал-жабдықтары келтірілген. Оны транспортация жасау үшін ондаған жүк көліктері жұмсалған екен.

«Біз мақта шикізатын дайын өнімге дейін жеткізетін осындай жобаларды барынша көбейту үшін жұмыс жасауымыз керек. Сол кезде ақ алтынды шетелге арзан бағаға сатуға мәжбүр болмаймыз. Бұдан бөлек, 2024 жылға дейін Түркия мемлекетімен бірге жалпы құны 5,89 миллиард теңгені құрайтын тоқыма фабрикасын іске қосатын боламыз. Жоба жылына 6600 тонна жіп иіріп, 143 адамды жұмыспен қамтитын болады. Әрі қарай оны киім-кешекке, көрпе-кілемге айналдыратын толық индустрия жасау керекпіз» — деді Бақыт Насырханұлы. 

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің  хабарлауынша, шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2025 жылы Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 10,781 миллиард теңгені құрайтын және 308 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуды көздейтін 5 жоба іске асырылуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39