Түркі интеграциясының символы

Сайт әкімшілігі

25.03.2021, 10:38

84

 Түркістан қаласында түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер таныстырылды. Шетелдік журналистерге арналған ауқымды шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Түркия елдерінен келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда алғы сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесінде Түркі елдерінің ақпарат кеңістігінің өкілдері рухани шаһарда бас қосуын заңдылыққа балады. Себебі, Түркістан – сан ғасырлардан бері күллі Түркі интеграциясының символы саналады.

"Әлемде жаһандық интеграциялық процестер қарқын алған уақытта бүкіләлемдік өркениеттің дамуына құнды үлес қосқан, өміршеңдігі өзгелерге үлгі түркі әлемі бірігуді мақсат етеді. Бұл үдерістің бастамашысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол 1992 жылы түркі мемлекеттері басшыларының бірінші Саммитінде бауырлас халықтардың интеграциялық бірлестігін бастау қажеттігі туралы мәлімдеді. Осылайша, Түркістан қаласы түркі өркениетінің орталығы болып танылды. Бүгінде бұл тарихи үрдіс өз жалғасын тауып, Түркістан Түркі елдеріне ортақ тәу етер қасиетті мекені болып келеді",- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Халықаралық форумда ҚР ҰҒА академигі, А.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев «Түркістанның жаңғыруы: стратиграфиядағы жаңа серпін» тақырыбында баяндама жасады. Облыс әкімі орынбасары Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысының инвестициялық және туристтік әлеуеті барысында жетістіктермен бөлісті. Түркиядан келген «TRT» телеканалының басқарма өкілі Мехмед Захид «Түркі әлемінің медиалық интеграциясының маңыздылығы» туралы баяндап берді. Шетелдік БАҚ өкілдері пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылардың пікірінше, форум Түркістанның жаңа тынысының ашылуына жаңаша серпін береді. Түркітілдес мемлекеттердің тілшілері қасиетті шаһардың көне сипатын сақтай отырып, заманауи қалаға айналуғанына куә болғандарын таңдана жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 14:45
"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді
Мариям МАҚСАТ 16.04.2021, 10:32
«Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
Нұрболат ӘЛДИБЕК 16.04.2021, 10:01
«Өз еркіңмен қызметіңнен кет деп жатыр»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 15.04.2021, 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.04.2021, 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24