Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

15.02.2021, 10:51

4576

Ауылымыз-«Алаш»,

Мектебіміз-«Жас алаш».

Түркістан облысында «Жас алаштың» атында мектеп бар.

Мақтаарал ауданы Иіржар ауылдық округіне қарасты Алаш ауылындағы «Жас алаш» мектебінің шәкірттері  алдағы уақытта жаңа ғимаратта оқитын болады. Білім ұясының жаңа корпусының құрылысы  қызу жүріп жатыр.

Алаш ауылының 90 жылдан астам тарихы бар.Ол 1929 жылы Мақтаарал ауданының құрамындағы «2-ші Бесжылдық» колхозы болып қалыптасқан. Елді мекенде қазақ, неміс, грек, молдован, орыс, тәжік, түрік, болгар, поляк, сыған, тағы басқа 17 ұлттың өкілдері тұрған. Одақ кезінде ауыл «Победа» деп аталған.

Ал «Жас алаш» мектебі 1961 жылы ашылған. Алғашқыда бұрынғы жатақхананың ғимаратына қоныс тепкен. Сексенінші жылдары мектепке қосымша корпус салынған. Дегенмен алаштық шәкірттер осы уақытқа дейін ыңғайластырылған ғимаратта білім алып келеді.

Мектептің қазіргі директоры Үмітай Алданазарованың айтуынша, білім ұясына «Жас алаш», ал ауылға «Алаш» атауы 2000 жылы берілген.  Осы жөніндегі ұсынысты сол кездегі мектеп ұстазы  Сәуле Бектасова және оның жолдасы Сыдық Қостаев берген екен.  Көпшіліктің ұйғарымымен ауылға «Алаш», мектепке алаш азаматтарының аманатына адал, жалпы көпшіліктің және аталған мектептегі мұғалімдердің сүйікті басылымы «Жас алаштың» атын беру туралы шешім қабылданады. Иіржар ауыл округінің әкімі Оңғар Нахипов бұл ұсынысты бірден қолдаған. Сол жылдың ақпанында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің №257 қаулысымен ауыл аты- «Алаш», мектеп аты — «Жас алаш» болып өзгертілген.

— Бұған дейін таза орыс мектебі болған білім ордасында  алғашқы қазақ сыныптары ашыла бастады. 2002 жылы мен осы мектепке мұғалім болып келген кезде қазақ тобындағы балалардың алды 5 сыныпта оқитын еді. 2006 жылы газеттің 85 жылдығында білім ұясына «Жас алаштың» сол кездегі бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы   бастаған редакцияның қызметкерлері, басылымның Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай келіп, ұжымға компьютер сыйлап кеткенінің куәсі болғанбыз.    Былтыр мектебімізге «Жас алаш» атауының берілгенінің 20 жылдығын атап өтуді жоспарлаған едік. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты іс-шараны өткізу мүмкін болмады. Мектебіміздің жанынан қазір жаңа ғимараттың құрылысы қызу жүріп жатыр. Алла бұйыртса,  биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында және «Жас алаштың» 100 жылдығында  шәкіртттеріміз жаңа ғимаратта оқиды деген сеніміміз бар,-деді Үмітай Алданазарова.

Алаш ауылында бүгінде мыңнан астам тұрғын болса, «Жас алаш» мектебінде 400-дей бала білім алады.

Жалпы Оңтүстік жұртшылығының «Жас алаш» газетіне деген ықыласы ерекше. Басылымның ең көп оқырманы да Түркістан облысында.   

  

Тегтер: білім ордасы мектеп оқушы ұстаз басылым құрмет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 16:00
Күдікті жазадан құтылып кете ме?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.10.2021, 15:55
Жастардың жұмыс жағдайы қалай ?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 26.10.2021, 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 26.10.2021, 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01