Түркістан қауіпсіз қала ма?

Сайт әкімшілігі

04.02.2022, 20:29

4616

 Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Селтанов қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағытында жүргізген  жұмыстар туралы есеп беру кездесуін өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Б.Селтановтың айтуынша, былтыр Түркістан қаласында құқық бұзушылықтардың деңгейі біршама төмендеген. Жалпы жыл бойына 864 құқық бұзушылық тіркеуге алынған.   Бұзақылық қылмыстардың ашылуы 100%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 47,9-ден 63,3%-ға, оның ішінде пәтер ұрлығы 43,3-ден 72,2%-ға, алаяқтық қылмыстарының ашылуы 93,4-тен 97,1%-ға жоғарылады. Сондай-ақ өткен жылы 102 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылған, айыппұлдар өндірілген. Көші-қон қызметі бөлімі бойынша 11.256 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған»-деп атап өтті.          

         Одан бөлек полиция полковнигі, аталған қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі мезгілдерде кезекші топтар ұйымдастырылып, аптасына кемінде екі рет рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді.              Есеп беру барысында сөз кезегін алған тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген мәселелерін басшыға кеңірек баяндап, тұшымды жауаптар алды. Кейбір тұрғындар ізгі тілектерін білдірсе, енді біреулері сұрақтарын бейнебайланыс арқылы қойып жатты. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді түртіп отырған басшы жауапты қызметкерлеріне  тапсырмалар беріп, мәселелердің шешілуін тікелей өзі бақылап отыратындығын жеткізді.

Тегтер: қылмыс заң тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01