Turkistan телеарнасы ашылады

Сайт әкімшілігі

23.02.2021, 22:39

163

Түркістанда Turkistan телеарнасы ашылғалы жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуінде мәлім етті.

«Елбасының идеясына, жобасына байланысты Түркістан түркі әлемінің рухани орталығына айналуда. Түркістанда көптеген БАҚ ашылып, қанат жаяды. Осының бәрін ескеріп, біз жаңа Turkistan телеарнасын құруды қолға алдық. Жаңа телеарна Медиа Холдинг қарамағында дамиды. Журналистер қауымы үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Орталық заманауи техникамен толық жабдықталған. Үлкен жұмыс басталып кетті. Turkistan телеарнасы халықаралық деңгейде дамиды, деген ой бар. Жақын арада ашылатын телеарна, түркі тілдес елдерінің тілінде ақпарат тарататын бірден-бір арна болмақ»,-деді облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеев есептік жиынанда өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді айтты. Өңірде мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуы нәтижесінде тұрғындардан түскен өтініш-шағым өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. Бір жылда 703,3 млрд. теңге инвестиция тартылған. 141 мың шағын және орта бизнес қызмет етеді. Өткен жылдың ішінде 300 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Ауыл ьшаруашылығы өнімінің көлемі 729,7 млрд.теңгеден асты. Білім саласында биыл 17 млрд.теңгенің құрылыс нысандары бой көтереді. Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы Түркістан шаһарында наурыз айында Түркі тілдес елдерінің Мемлекет Басшыларының Саммиті өтеді. Сондай-ақ, Наурыз мейрамының қарсаңында Түркістан облысында 17-ші аудан –«Сауран» құрылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29