Түркістан туризм кластері мүмкіндігіне ие

Сайт әкімшілігі

20.11.2021, 21:01

101

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында өткізген брифингінде республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің және әлеуметтік желі белсенділерінің 40-тан астам сұрағына жауап берді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желі арқылы 100-ге жуық ұсыныс пен сұрақ түсті. Өмірзақ Естайұлы ол сұрақтар мен ұсыныстардың бәрін назардан тыс қалдырмай жауап беріп, қоғамға ашық есеп берді.

Әкімнің брифингі тікелей эфирде Facebook әлеуметтік желісінде 3000 рет, Youtube желісінде мыңнан аса қаралды. Өмірзақ Шөкеев өз баяндамасында Президент Жолдауының өңірде орындалу барысы мен 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы айтты.

Баяндамадан кейін спикер журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі инфрақұрылымды дамыту, өңірді газдандыру, туризм, Түркістан қаласының құрылысы мен болашақ жоспарлары, ауыл шаруашылығындағы жобалар, қуаңшылық, үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, қолжетімді баспанамен қамту шаралары туралы болды. Өткір мәселелер қозғалып, нақты жауаптар айтылды.

Сол сияқты БАҚ өкілдерін облыстың жетістіктері де қызықтырды. Түркістанды дамыту бағытындағы жоспарлар да сөз болды. Тікелей және онлайн режимде қойылған сұрақтардың бәріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев толыққанды жауап берді.

«Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігер киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орын тепкен қасиетті мекен бүгінде рухани және мәдени, сонымен бірге туризм кластеріне үлкен сұранысқа ие болып отыр. Дамудың жаңа сатысына көтерілген Түркістанның жаңа мәдени-әлеуметтік және әкімшілік орталығында түрлі ғимараттар бой түзеп келеді. Енді Түркістан түркі жұрты ғана емес, дүние жүзі туристері келетін шаһарға айналды. Осы жетістіктердің бәрін тәуелсіздіктің жемісі деп санаймын», -деген өңір басшысы Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыс жалғасатынын, ауқымды жобалар жүзеге асатынын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17