Түркістан «жасыл аймақтан» шыққан жоқ

Б.СӘРСЕНБИ

09.07.2021, 12:51

1129

Соңғы апталарда елімізде коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық ахуал күрделенді.  Түркістан облысы әзірге «жасыл аймақтан» шықпаған санаулы өңірлердің қатарында тұр. Алайда арқаны кеңге салуға болмайды. Сондықтан облыста індетке қарсы шаралар күшейтілді.

– Өңірде жыл басынан бері Сovid-19 ауруына шалдыққан 3352 адам тіркелді. Ал вирусты пневмониямен 2744 азамат ауырды. Аймақ эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл аймақта».  Облыста соңғы екі аптада коронавируспен тіркелу жағдайы 1,6 есеге өсті. Статистика нәтижесінде ең алдымен 14 жасқа дейінгі балалар, 20-29 жастағы азаматтар мен жасы 60-тан асқан зейнеткерлер арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші жиі кездесіп отыр. Осыған байланысты ел ішінде аурудың кең таралуын болдырмау мақсатында карантиндік талаптар күшейтілуде, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов. Оның айтуынша, мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, азаматтар 15 шілдеге дейін Covid-19 індетіне қарсы екпенің бірінші компонентін, 15 тамызға дейін екінші компонентін қабылдауы тиіс. Вакцина алмаған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді немесе ондай азаматтар аптасына бір рет өз қаражаты есебінен ПЦР тест тапсырып тұруға міндетті. Алайда мұндай талаптар медициналық қарсы көрсетілімі бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған азаматтарға қойылмайды. Соңғы шыққан қаулыға сәйкес, меншік нысанына қарамастан, облыстағы барлық ұйымдардың басшыларына қызметкерлеріне профилактикалық егу жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылып отыр.

Өз кезегінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова «Ashyq» қосымшасының өңірімізде қолдану белсенділігі туралы да баяндады. Оның сөзінше, жобаны пайдалану үшін 672 өтінім түскен. Оның 561-і қосылып, жұмысын атқаруда, ал 88-і QR код алса, соңғы екі аптада келушілер санын мүлде тіркемеген 44 нысан жобадан шеттетілді. Сондай-ақ директордың орынбасары бизнес өкілдері қосымша арқылы жұмыс істеуге дайын болғанымен, мекемеде келушілердің мәртебесін тексеретін қызметкерлердің жетіспеушілі аздап қиындық тудырып жатқанын айтады. Айта кетелік, «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандарға келушілер «Ashyq» қосымшасымен қатар, Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz платформаларын қолдана алады.

Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал алда өтетін ауыл әкімдерінің сайлауы кезінде де басты назарда болады. Облыста сайлауға әзірлік шаралары жүріп жатыр. Түркістандық  ақсақалдар елімізде тұңғыш рет өткізілетін ауыл әкімдерінің сайлауы саяси реформаларға тың серпін береді деген үмітте. Ал ең бастысы, тұрғындарды ел басқару мен шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оңтүстік аудандарға жасаған жұмыс сапарында Мақтаарал, Шардара және Жетісай аудандарының ақсақалдарымен кездесіп, бірқатар қордаланған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Облыс әкімі сайлау науқанына дайындық барысын пысықтады. Жетісай ауданының ақсақалдары суармалы жерлерді сорланудан сақтап, құнарлығын арттыру, істен шыққан су ұңғымаларын жөндеуден өткізіп, шаруалардың ағын су тапшылығын шешу, диқандарды жала жұмыстарына қажетті отынмен толық қамту, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттен субсидия бөлу секілді мәселелерді ортаға салды. Көтерілген мәселелерге қатысты облыс әкімі жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.

Шардара ауданының қариялары мен зиялы қауым өкілдері Қазақстанда тұңғыш рет өтетін ауыл әкімдерінің аламанына халық сенімін ақтайтын, белсенділігі, іскерлігі, жоғары жауап­кершілігі бар азаматтардың қосылғанын қалайды.

— Ауыл халқының өз әкімін өзі сайлауы болашақ әкім үшін де, халық үшін де жаңа белес, үлкен жауапкершілік, – деді Шардара ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Оралбай Ақбердиев.

Көпшілік арасында сайлау кезінде руға бұра тарту болуы мүмкін екені туралы пікір бар. Оны аудандағы ардагерлер жоққа шығармайды. Көпті көрген қариялар кіл мықтының ішінен кімнің мықты екені тікелей дауыс беру арқылы анықталатын саяси бәйгенің уақыт өте келе деңгейі биіктей түсетінін айтты.

Сапар барысында облыс әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29